алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Дәстүрмен танысу. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 С - Бөлім: Салт-дәстүрлер және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 2

«А» 06.02.18 «В» 07.02.18

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәстүрмен танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1

Идеяларды талқылау және сұрақтар қою

2.1.2.1

Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын анықтап, олардың ерекше өзгешеліктерін сипаттау.

 Сабақ мақсаттары

  • Қолөнер, өнер туындыларын зерделейді;
  • Өз идеялар мен сезімдерін шығармашылық түрде ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • Дәстүрлі тоқыма өнімдерін зерттейді;
  • Түстер, үлгілерін және құрылымын сипаттай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

кілемдер, сөмкелер, қалпақтар, киіздер, тоқыма

визуальды мотивтер, өрнектер, түстер, белгілер;

ою-өрнектер: қошқар мүйіз, су, береке, сынық мүйіз, гүлдер, молшылық, өрмекші, жын, тұмар, шаңырақ, қабырға, қорғаныш

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Материал қалай деп аталады?

Ол қалай жасалған?

Ол нені білдіреді?

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, қабілетін жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгендерін, шығармашылық жұмыста қолданылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

  • Қолөнер, өнер туындыларын зерделейді;
  • Өз идеялар мен сезімдерін шығармашылық түрде ұсынады.

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

16 минут

10 минут

  •  Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалімнің түсіндіруі. Оқыту тәсілі – көрнекілік, жұмыстың нысаны - бүкіл сынып, қабылдау - жаңа ақпаратты меңгеру. Бұл бөлімдегі сабақтарда, сіздер өю-өрнектер және қазақ ұлттық костюмінің ерекшеліктері туралы біле аласыздар. Трафарет пайдаланып ою аласыздар, киізді басуды үйренесіздер. Қағаздан ою көрпеше жасайсыздар және өрнектермен жұмыс істеуге үйренесіздер.

Қазақтардың тоқыма өнімдері ою-өрнектермен безендірілген. Ерекше мағынасы бар ою-өрнек, символ деп аталады. Әрбір халықта өзінің символы бар, олардың өз мағынасы бар. Олардың көмегімен, ежелгі адамдар ақпаратты және жаман рухтардан қорғанған.

 Таңбалардың суреттермен және түстерінде мәні бар. Мысалы қызыл - күн, оттын түсі. Ақ - бұл ақиқат тазалығы символы, қуаныш, бақыт, қара түс күш пен қуат, сары - ақыл. Сендер қалай ойлайсыздар көк түс нені білдіреді? Аспан символы. Жасыл - көктем, жастық.

Оқушылар символдық мағынасы бар, әр түрлі өрнектерді таниды және атайды: «Қошқармүйіз» - бұл үлгі қойдың мүйізіне ұқсас.«Итқұйрық» - (иттің құйрығына) . Тәрізді ою-өрнек иттің құйрығын еске түсіреді. «Tүйe тaбaн» - (түйе соқпақтар).

  • Зерттеу жұмысы.

Оқушыларды жұптарға бөлу. Ол үшін сандықшадағы түрлі түсті асықтарды алуды ұсынамын. Оқушылар таңдаған түстер бойынша топтарға жайғасады.

Әр топтағы оқушылар, тоқыма өнім бейнеленген карточкаларды бөліп алады.

Тапсырма №1. Жұппен жұмыс. Зерттеу.

 Оқушыларға тоқыма және киіз, кілемдер, сөмкелер, киіз үй бұйымдары және басқа да тоқыма бұйымдар тәрізді Қазақстанның бірқатар дәстүрлі тоқыма бұйымдарын талқылауды сұраймын:

Дескрипторлар:

  • заттардың түрлерін, олардың қалай және не үшін жасалғанын айтады;
  • түстерді, өрнектер мен текстураны сипаттайды;
  • қазіргі кезде бұл затты пайдалынады ма, пайдаланылса андай мақсатта кендігін айта алады.

Тапсырма №2: Әдіс – шығармашылық, жұмыс нысаны – жеке.

Қазақтың таңба- үлгілерін пайдалана отырып, өз үлгіңізді жасаңыз.

Оқушылардан белгілер, түстер туралы білімдерін пайдалана отырып, Қазақстан мәдениеті негізінде көркем композиция жасауды сұрау.

Кері байланыс.

  • Өзініздің ою-өрнегіңіз туралы айтып беріңіз.
  • Сіздің өрнегіңіз нені білдіреді?Қандай таңбаларды және түстерді сен пайдаландың?

Дескрипторлар:

  • дәстүрлі тоқыма өнімдерің зерттеді;
  • түстер, үлгілерін және құрылымын сипаттады;
  • оқушылар презентация жасады;
  • белгілер, түстер туралы білімдерін пайдалана отырып, эскиз жасады.

Саралау: Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау жасайды.

Кері байланыс:

- сіз жаңа не білдіңіз?- сіз өз жұмысынызбен ризасыз ба?- кімнің жұмысы сізге үнады? Неге?

Материалдық мұра бұйымдары және таңдалған тоқыма бұйымдарының бейнеленуі

Сурет салуға арналған құралдар мен материалдар, альбомдар

Тоқыма кілем суреттері:

Кілем және тоқыма

АКТ- презентация

Тарату материалдары

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: «Ағаш»

Қызыл алма – Сабақ өте үнады.

Сары алма – маған сабақ ұнады, бірәқ мен бәрін үлгерген жоқпын.

Жасыл алма – менің ішім пысты және жұмысты орындаған жоқпын.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау: Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау жасайды.

Сұрақ жауап, өзін-өзі талдау. Бір-бірін бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлесігінің жетекшісі__________Дюсенова Г.Г.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы