Экономика және экономикалық жүйелердің түрлері. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.1.1 бөлім Өркениет: даму ерекшеліктері

Мектеп: Нұр-Сұлтан қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысты:

Қатыспады:

Сабақтың тақырыбы

Экономика және экономикалық жүйелердің түрлері

Оқу мақсаттары

11.1.1.1 елдердің экономикалық даму сипаттамаларын талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану;

11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи түрлерін олардың белгілерін түсіндіре отырып жіктеу

Сабақтың мақсаттары

- елдердің экономикалық даму сипаттамаларын талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарымен танысу;

- экономикалық жүйелердің тарихи түрлерін біледі, белгілері бойынша жіктейді;

Бағалау критерийлері

- өндірістің факторларын тиісті ресурстардың мысалдарымен сәйкестендіреді;

- экономикалық жүйелердің белгілерін белгілі бір түріне сәйкестендіреді;

- өмір сүру деңгейінің экономикалық жүйе түріне тәуелділігін һәм кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы үшін экономикалық жүйе түрінің маңызына байланыстылығы туралы тұжырым жасайды.

Тілдік мақсаттары

Оқушылардың әрекеті:

1. ақпараттық парақтардағы негізгі ойларды ерешелеу үшін жұп / топ болып жұмыс жасау (оқу)

2. айқатар келтіру үшін негізгі оқиғалар мен тұжырымдамаларды ерешелеп көрсету

Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы:

Экономика, экономикалық жүйе, экономикалық жүйенің типі, дәстүрлі экономикалық жүйе, әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе.

Жазылым мен диалогқа қажетті сөйлем құрылымдары:

«Экономика» түсінігіне ... кіреді.

«Экономикалық жүйе» ұғымы мыналарды қамтиды

Дәстүрлі (ауылшаруашылық) экономиканың негізін ... құрайды.

Бұл белгілер әмірлік-әкімшілік экономикалық жүйеге қатысты ....

Командалық-әкімшілік жүйенің жағымды жақтары - бұл ...

Командалық-әкімшілік жүйенің жағымсыз жағы - бұл ...

Бұл белгілер нарықтық экономикалық жүйеге қатысты ....

Нарық жүйесінің жағымды жақтары - бұл ...

Нарық жүйесінің жағымсыз жағы - бұл ...

Аралас экономикалық жүйенің белгілеріне ... жатады

Құндылықтарды дарыту

 өз бетінше ақпарат алуға дағдылану, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, проблемалар туғызу және шешім қабылдау, ұжымда жұмыс істеу, өз жұмысыңыздың сапасына жауап беру, уақытты ұйымдастыра білу;

 - қоршаған ортаның мәселелерін, басқа көзқарастарды көре және түсіне білу; сынға дұрыс жауап бере білу; топта жұмыс істей білу, ұжымда әр түрлі рөлдерді ойнау дағдыларына ие болу;

Пәнаралық байланыс

 Экономика

АКТ қолдану дағдылары

 Оқушылар сабақтың мәселелерін шешу үшін Ғаламтор ақпараттарын қолданады.

Бастапқы білім

 Ұсынылған алдыңғы білімге Ежелгі мен Жаңа замандағы дүниежүзі тарихы кезеңдерінде алған білімдері кіреді. Бөлімнің тақырыптарын зерделеу кезінде оқушылар ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі экономика жүйелердің қалыптасу тарихымен байланысты материалдарға сүйенеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Қолданылған деректер

Басы

10 минут

Кіріспе

 Бірлескен орта құру

 Проблемалық сұрақ қойылады: «Сіз нені таңдайсыз: ақшаға толы қалта мен бос дүкен сөрелерін немесе толы дүкен сөрелері мен бос қалтаны?» Ол неге байланысты?

 Оқушылар өз пікірлерін айтады.

 Әрі қарай студенттермен ми шабуыл ұйымдастырылады. Оқушылардан «экономика» ұғымына сәйкес сөздерді (сөз тіркестерін) таңдауларын сұраңыз. Миға шабуыл жасағаннан кейін осы ұғымның мағынасын түсіндіруге көшіңіз.

 Сабақта экономиканың адамзаттың өзекті мәселелерін шешуге тырысатын тәсілдеріне назар аударылатынын және бұл әдістер экономикалық жүйе деп аталатын түсіндіріңіз.

 Сабақтың тақырыбы мен міндеттерін хабарлау.

Флипчарт

Ортасы

(C) Оқушыларға экономиканың негізінде әр түрлі игіліктерді өндіру (шығару) процесі жатқандығын айтыңыз. Өндіріс процесінде экономикалық ресурстар қолданылады. Өндіріске қатысатын ресурстар өндіріс факторлары деп аталады. Оларға жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттер жатады.

(П) Жұппен жұмыс. Оқушылар практикалық тапсырманы орындауға шақырыңыз - ресурстарды мысалдарды өндіріс факторларымен сәйкестіріңіз.

Дескрипторлар:

- ресурстардың мысалын тиісті өндіріс факторымен - жермен сәйкестендіреді;

- ресурстар мысалын өндірістің тиісті факторымен - капиталдың сәйкестендіреді;

- ресурстардың мысалын өндіріс факторының - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттерімен сәйкестендіреді.

(C) Оқушыларға экономикалық жүйе дегеніміз - шектеулі ресурстарды бөлу мәселесі шешілетін қоғамның экономикалық өмірін ұйымдастырудың тәсілі екендігін түсіндіру

Оқушыларға әлемдегі экономикалық жүйенің 4 түрінің болуына бағыттау:

дәстүрлі (орталықтандырылған)

- әкімшілік (жоспарлы)

-нарықтық

- аралас

(Ж) (Ф)Оқушыларды экономикалық жүйенің белгілі бір түріне сай ерекшеліктерімен(белгілері) сәйкестендіруді сұраңыз

Дескрипторлар:

- дәстүрлі экономиканың белгілерін (ерекшеліктерін) сәйкестендіреді;

- әміршіл- әкімшілік экономика белгілерін (ерекшеліктеріне) сәйкестендіреді;

- нарықтық экономиканың белгілерін (ерекшеліктерін) сәйкестендіреді;

 - аралас экономиканың белгілерін (ерекшеліктерін) сәйкестендіреді;

Қосымша 1 Жұппен жұмыс істеуге арналған карталар

(P) (F)

Дескрипторлар:

2 қосымша

Экономикалық жүйелер

http://interneturok.ru/obshestvoznanie/8-klass/ekonomika/ekonomicheskaya-sistema - видео оқулық

Соңы

 Рефлексия

 Көршіңізбен: Сіз жақсы түсінген үш нәрсені және жақсырақ түсінгіңіз келетінін бір нәрсемен бөлісіңіз.

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз қолдауды көбірек көрсетуді қалай ұйымдастырасыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Топтық жұмыс кезінде мұғалім әрбір оқушыға немесе топқа қолдау көресету мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс кезінде әлді оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетеді

Жоғарыда тізбектелген барлық әрекеттер қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін береді, өйткені мұғалім әрбір оқушы және топты қолдауға мүмкіндігі бар.

Тең бағалау мүмкіндіктері бар, алдына берілген немесе сыныппен ортақ талқылау негзінде құрастырылған критерийлер негізінде оқушыларға бір-бірін бағалау мүмкіндіктері бар

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме? Менің дайындаған дифференциациям жүзеге асты ма? Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен?

Төмендегі орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сұрақтардың ішінен Сіздің сабағыңызға қатысы бар ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіздер?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі сәтті өтті (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі жағдайда сабақтың тиімділігі арта түсер еді (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында келесі сабаққа дайындалуда ескеретіндей сынып туралы немесе жеке оқушы туралы қандай да бір қажетті ақпарат алдым ба?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
Пікір жазу