Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды «гүлдену кезеңі» деп атайды? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, дидактикалық материал.


Америка Құрама Штаттары (АҚШ) (1918-1939 жж.)Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы.Саяси- экономикалық дамуы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлi өзгерiске әкелдi - АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуiр айында кiрдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлерi Еуропа құрлығына келiп, шiлде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерiн қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпедi. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өлiп, 230 мың адам жараланды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркәсiп орындары тоқтаусыз жұмыс iстеп Еуропа елдерiнiң соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық корпорация иелерi шексiз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары АҚШ-тың таза кiрiсi 33,5 млрд доллар болды. Өнеркәсiптiң дамуының дүниежүзiлiк саладағы үлес салмағы өстi. 1919 жылы АҚШ дүниежүзiнде өндiрiлген өнеркәсiп өнiмдерiнiң, оның iшiнде көмiрдiң 50%, шойын мен болаттың 5 3 ; мұнайдың 3 2 ; автомобильдiң 85% шығарды. Соғыстың қорытындысында АҚШ-тың экономикалық күш қуаты артты. Сонымен қатар, АҚШ қаржы саласында Еуропа елдерiне көптеп инвестиция арқылы көмектесiп, өндiрiсiн дамытты. Олар қаржы саласында АҚШ-қа тәуелдi болды. АҚШ инвестициясы Еуропа елдерiне: – соғысқа қажеттi заем 11 млрд долларға жеттi; – Канада мен Латын Америка елдерiне жеке инвестиция мөлшерi 7 млрд доллар болса, 20 жылдарда дүниежүзi елдерiндегi АҚШ инвестициясының мөлшерi 18 млрд долларға жеттi. Соғыстың АҚШ үшiн қорытындысы, Еуропа елдерiне Америка капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретiн елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дүниежүзiне өзiнiң саяси экспанциялық саясатын нығайта түстi. Дүниежүзiлiк рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президентi Вильсонның сөзiмен айтқанда: «Бiздiң мiндетiмiз дүниежүзiне ақша беру болса, ақша берген ел әлемдi билей бiлуi керек». Бұл саясаттың негiзi – АҚШ-тың дүниежүзiлiк гегемондық билiкке шығуы болды. Соғыстан кейiн АҚШ президентi Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Iшкi саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұстап, Американың қаржы капиталының мүддесiн қолдады. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдерiне қарсы экспанция- лық саясат жүргiздi. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пункт» бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты. 1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кең етек алды. Елде ереуiлдiк қозғалыс күшейдi. 1919 жылы елде 210 мың өнеркәсiп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жеттi. Ереуiлдiк қозғалысқа қатысқан адамдар саны 4,5 млн жеттi. 1921 жылы АҚШ-та екi коммунистiк партия бiрiгiп, бiр партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында демократиялық қозғалыс кең етек алды. Ереуiлдiк қозғалысқа Америка Еңбек конфедерациясы (АЕК) кәсiподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс президенттiк сайлау қарсаңында демократиялық және республикалық партия арасында саяси күрестi күшейте түстi. Вильсонның демократиялық партия үкiметiнiң, халықтың алдында беделi түсе бастады. 1920 жылы қараша айының 2-і күнi АҚШ-та президенттiк сайлау өттi. Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялық партияны қолдап 9 млн сайлаушылар дауыс бердi. 8 жыл елдi басқарған демократиялық партия жеңiлiс тапты. АҚШ президентi болып республика партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президентi болып Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкiметi келген- нен кейiн де елдегi экономикалық дағдарыс жалғасты. Iрi монополияға сенiм артқанымен, Гардинг үкiметi қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елдi аралап жүрген кезде, аурудан Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды.

Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi АҚШ. 1924 жылы АҚШ-та президенттiк сайлау болып, республикалық партия екiншi рет жеңiске жетiп, Кулидж президент болды. 1924 жылы АҚШ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңiне өттi. Буржуазияның саяси ықпалы күшейдi. Ереуiлдiк қозғалыс жеңiлiс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейiн әлсiредi. Экономикалық өрлеу үшін АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертiп, iшкi өндiрiске капиталды салып, жаңа технологияны енгiзiп, өндiргiш күштiң тез өсуiне жағдай жасады. Өнеркәсiптiң жаңа салалары: ауыр өнеркәсiп, автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңiл бөліндi. Өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру тез өстi. Мысалы: 1923 жылмен салыстырғанда болат қорыту 45 млн т; 57 млн т артты; электр энергиясы 71 млрд квт сағ, 117 млрд кв сағатқа өстi. Жалпы өнеркәсiп өнiмi 70% артты. АҚШ өнеркәсiбi дүниежүзiнде өндiрiлген өнiмнiң 48%-ын шығарды. Сөйтiп, капиталистiк елдердiң арасында бірінші орынға шықты. Ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiнің өндiрiске тез енгiзiлуi автомобиль шығару Америка қоғамының мақтанышына айналды. Автомобиль өндiрiстің негiзiн қалаушы Генри Фордтың атымен шықты. Жаңа конвейерлiк жүйенiң енгiзiлуi, өндiрiстiң үздiксiз жүргiзiлуi өндiргiш күштердің артуы, АҚШ-ты автомобиль шығарудан дүниежүзiнде бiрiншi орынға алып шықты. Мысалы: 1913 жылы 485 мың, ал 1921 жылы, 1.6 млн, 1929 жы- лы 5,4 млн автомобиль шығарылды. Форд автомобиль заводында кейбiр кезде күнiне 25 мың автомобиль шығарылатын болды. Өнеркәсiптiң химия, самолет жасау, радиотехника салалары қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнiң тұрақтануы өзiнiң ең жоғарғы деңгейiне жеттi. «Американдық гүлдену заманы басталды» деп түсiндiрдi АҚШ президентi Кулидж. 1928 жылы АҚШ-та кезектi президенттiк сайлауда республикалық партия жеңiске жетiп Герберт Гувер елдiң президентi болып сайланды. Гувер үкiметі сайлаушылардың үмiтiн ақтай алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстан шығудың жолын iздеген «миллионер үкiметi» одан еңбекшi халық арқылы шығудың жолын таңдады. «Қатал индивидуализм» идеясы елдің дағдарыстан мемлекеттiк қолдау арқылы шығуынан бас тартты. Еңбекшi халықты әлеуметтiк жағынан қолдауға және жұмыссыздарға көмек көрсетуге қарсы болды. Гувер үкiметi реакциялық саясат ұстады. АҚШ фермерлерiнiң талабын орындау үшiн 1929 жылы маусым айында конгресс арқылы «Ауыл шаруашылық тауарларын өткiзу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша федералдық фермерлердi басқару басқармасын құрды. Фермерлердiң өнiмдерiн сатып алу және рыноктағы артық астықтың мөлшерiн азайту үшiн мемлекет фермерлерге 500 млн доллар бөлді. Фермерлерден сатып алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттiк қоймаларда сақталды. Қоймаларға 257 млн т. бидай, 1,3 млн т. мақта жиналды. Халыққа қажеттi азық-түлiк тауарларын базарға шығаруды тежедi. Халық арасында аштық басталды. Ұсақ және орта фермерлердiң жағдайы нашарлады. Мемлекеттiк қолдау саясаты уақытша ғана қолданылып, көп кешiкпей тоқтатылды. Гувер үкiметi iшкi саясатта миллионерлердi қолдап, iрi монополия иелерiне жеңiлдiктер жасады. Жеке меншiк компанияларына жеңiлдетiлген несие берсе, корпорация иелерiне салық мөлшерiн азайтты. Шет елдiң тауарларына баж салығын өсiрiп, iрi өнеркәсiп монополиясы тауарларының бағасын көтерді. Iрi монополияларды мемлекеттiк субсидия (көмек) 86 арқылы қолдап отырды. Гувер үкiметi дағдарыс жылдарында мемлекеттiк-монополиялық саясатты жүргiзуге мәжбүр болғанымен, оған шектеу қойып отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкiметi толық жолға қоя алды. Гувер үкiметiнiң сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық бағытта жүргiзiлдi. Қаржы-ақша саясаты АҚШ- тың халықаралық қатынастағы орнын нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды. 1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшерi 16,5 млрд доллардан 27 млрд долларға өстi. Американ капиталы Латын Америкасы елдерiне көптеп шығарылды. Бұл АҚШ монополистерiне шексiз пайда әкелдi. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейттi. АҚШ үкiметi Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсiретiп, Вашингтон конференциясынан кейiн Қытайда өз беделiн көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерiлiсiнiң басталуына әкелiп соқты. 20- жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерiнде беделi нығая түстi. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегi берiлдi. Еуропада Германия арқылы АҚШ- тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзiнiң антисоветтiк саясатын жалғастыра бердi.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу