1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидатикалық материал.


  Қосымша 1

Италиядағы 1848-1849 жылдардағы Италиядағы революция.

XVII-XVIII ғасырларда Голландия, Англия және Франциядағы мануфактуралардың күшті дамуы итальян тауарларын әлемдік рыноктан ығыстырды. Италияның ішкі саудасы кеден кедергілерінің көптігінен зардап шекті. Селолық жерлерде қанаудың феодалдық түрлері басым болды. XVIII ғасырда Франциядағы революция итальян қоғамының барлық топтарына әсерін тигізді.

1815 жылғы  Вена  конгресі  шешіміне  орай  Италияда  бұрынғы  феодалдық абсолюттік  билік  қалпына  келтірілді.  Италия  шетелдік  езгіге  қайта  түсті.Ломбардия  мен  Венеция  Австрияға  қосылды.  Апеннин  түбегінде  Австрия  билеп-төстеуші  өктем күшке  айналды.XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап бүкілитальяндық азаттық және демократиялық қозғалыстың жаңа түрі- мадзинизм қозғалысы басталды.Жас Итальян барлық мемлекеттерде өзінің жасырын ұйымдарын құрды. Сондықтан ол бүкіл Ұлттық революциялық ұйымға айналды.40 жылдары алғышарттары пісіп-жетілген Италия революциясының алдында Германиядағыдай ең алдымен елді біріктіру мәселесі, содан кейін феодалдық шырмауларды жойып, буржуазиялық қатынастарға жол ашу елдің өндіргіш күштері мен мәдениетінің дамуын қамтамасыз ету міндеті тұрды.Бірақ соның бәрін шешу үшін ең алдымен итальян халқының басты езушісі әрі тонаушысы Австрия империясының билігін құлату керек еді. Астықтың шықпай қалуы мен экономикалық дағдарыс қалың бұқараның мұқтаждығы мен ауыртпашылығын күшейтіп, революциялық ахуалдың артуына жағдай туғызды. 1848 жылдың ақпан-наурызында сол сияқты оқиғалар орталық итальян мемлекеттерінде де болып өтті.Бәрінде де монархиямен ымыраласуға даяр либералдық үкіметтер құрылды.1849 жылдың қаңтарында Римде Құрылтай жиналысы шақырылды. Ол папаны мемлекет билігінен аластап, Римді республика деп жариялады. 1849 жылдың көктеміне қарай Еуропадағы революция бәсендей бастады. Интервенттердің күштері бірігіп шабуылға шыққанда Рим, Венеция, Флоренция әрқайсысы жеке-дара қарсылық көрсетті. Рим республикасын тұншықтыру үшін Франция президенті Луи Наполеон Бонапарт өз әскерін жіберді. Рим ерлікпен шайқасты, оны халық батыры Джузеппе Гарибальди басқарды.

https://baribar.kz/student/6504/1848-1849zhzh-europadaghy-revolyutsiyalar/

.1тапсырма. «Mine map» ментальды картасының үлгісі

Ментальды карта жасауға ұсыныстар:

1.Негізгі тақырып ортаға жазылады

2.Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын сөздер ғана жазылады

3.Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады.

4.Негізгі бұтақтарға иллюстрацияларда қосуға болады.

Қосымша 2

2тапсырма. 1848-1849 жылдары Италияда болған революцияны «Органайзер» кестеде орында.

Мемлекет

Революцияның себептері

Революцяның талаптары

Революцияның мақсаттары

Революцияның жеңістері

Нәтижесі

Италия

Қосымша 3

3 тапсырма. 1848-1849 жылдары Франция, Германия, Италияда болған революцияларды Венн диаграммасында салыстыр.

Салыстыру критерийлері:

  • Мақсаты
  • Талаптары
  • Себептері
  • Жеңістері
  • Нәтижесі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу