Өзім туралы. Мейірімді бол. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Дүниетану | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Өзім туралы. Мейірімді бол. | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З | |||||||||||
СЫНЫП: 2А | Қатысқандар саны:19 | қатыспағандар:0 | ||||||||||
Оқыту мақсаттары | 2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Табыс критерилері | Оқушылар берілген жағдайлардың шешімін ұсынады. Олар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырыпты түсінгендерін көрсетеді | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | мәселе, қоғам | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады Практикалық іс-әрекет барысында оқушыларда аақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылары қалыптасады және дамиды. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Зерттеу жұмысы арқылы дүниетану, өлшем жасау арқылы математика пәнімен тапсырманы оқу және нәтижесін жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс орнайды | |||||||||||
АКТ пайдалану | Әдеп нормалары көрсетілген презентация | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білімдер | Біздің мінднтіміз қандай? | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспарланатын әрекет (төмендегілердің орнына өз тапсырмаларыңызды жазыңыздар) | Ресурстар | ||||||||||
Басталуы | ОМ таныстыру:
«Шеңбер құр» ойыны. Оқушылардан бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады Бүгін ерекше сабақ – мейірімділік сабағын өткіземіз. Әр оқушы өзін Мейірім ханшасы немесе ханзадасы деп таныстырып, өз жақындарына, достарына, басқа адамдарға жақсы тілектерімен бөліссін. Ол үшін бір оқушыға жүрек формасындағы шар беріліп, әрі қарай тілектер жалғасып отырады. (Т)Ойлан және әңгімеле Шеңберде тұрған оқушыларды үш топқа бөліп,әр топқа сұрақтар беру. Бірінші топқа сұрақ: «Өз отбасыңа қандай көмек көрсете аласың?» Екінші топқа: «Достарыңа қандай көмек көрсете аласыңдар?» Үшінші топқа: «Бейтаныс адамдарға қандай көмек көрсете аласыңдар?» Оқушылар сұрақтарға нәтижелі жауап беруі үшін сюжетті суреттер тарату. Олар суреттерге қарап, өз ойларымен бөліседі. | Ағаш суреті, жапырақ түріндегі стикерлер, жүрек формасындағы шарлар; «Жақындарға және айналадағы адамдарға көмек» тақырыбындағы сюжетті үлестірме парақшалар; үш ойыншық микрофон, А3 форматты қағаздар (4-5 дана). | ||||||||||
Ортасы | (МК.Ұ) Менің пікірім Берілген тапсырмаларды ток-шоу формасында орындау. Алдын ала бірнеше оқушыға жүргізушілер, сарапшылар сияқты рөлдерді бөліп беру. Қалған оқушылар өз пікірін айтып, көрермен рөлінде болады. Ток-шоу тақырыбымен таныстырады: Мысалы:«Қоғамда қандай мәселелер бар және оларды қалай шешуге болады?» Алдымен оқушыларға қоғамдағы мәселелер жөніндегі видеофрагменттен немесе қоғамдағы мәселелерді суреттер мен фотолар арқылы көрсететін презентация көрсетілімін көрсету. Талқылаулардан кейін сөз кезегі сарапшыларға беріледі (2 минуттан артық емес) және көрермендер сарапшыларға өз сұрақтарын қояды. Сарапшылар мен жүргізушілер де мәселелерге байланысты көрермендерге өз сұрақтарын қояды. Ток-шоу соңында қорытынды жасап,төрт топқа жалғызбасты қарттарға көмек көрсетуге арналған мерекенің жоспарын жасауды ұсыну. Жоба сұрақтары: Сен не істейсің? Қай уақытта? Ол не үшін қажет? Жобаға кімдер қатысады? Мұндай жобаның қандай пайдасы бар? Әр топ оқушылары жеті минут ішінде жоба жоспарын жасап, сарапшыларға тапсырады. Сарапшылар жобаларды бағалап, іске асыруға болатын ең үздік жобаны анықтайды. Орындап көр. «Жақсы істер ағашы» Оқушылар жапырақ түріндегі стикерлерге өздері орындағысы келетін бір жақсы істі (белгілі бір мәселені шешу үшін) жазады. Кейін олар тақтада ілінген ағаш суретіне жапырақ-стикерлерді жабыстырады. Сен білесің бе? Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен бірлігінің мерекесі. Пікірталас ұйымдастыру. Бұл мерекенің қажеті бар ма, жоқ па? Оқушылар жауаптарын әртүрлі мысалдармен дәлелдейді. «Сенің ұсынысың» Өз туған өлкең үшін қандай пайдалы істер жасар едің? Тізімін жаса. |
| ||||||||||
Сабақтың соңы
| Қосымша тапсырмалар «Бес игі іс» акциясы. Ол үшін акция мақсаты мен өткізілу тәртібі жазылған жарнамалық постер жаса. Бір апта аралығында жақындарына,достарына, бейтаныс адамдарға (ата-анасымен бірге) қатысты бес жақсы іс жасап, атқарылған жұмыс жөнінде фотоальбом жаса немесе эссе жаз. «Бүгінгі сабақ мынадай жақсы істерді (тақтадағы істерді оқиды) жүзеге асыруға көмектеседі» деп қорытындылау. Тақтаға жақсы істер атауын жазу. Кері байланыс: Бүгін не білдім? Не үйрендім? Сауалдарға жауап беру. | |||||||||||
Дифференциация – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? зерттеу жұмысының нәтижесін жазу. «Ойлан және әңгімеле» тапсырмасында ұсынылған сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынды. | Бағалау – оқушы материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау ретінде оқушыларға «Мейірімділік ағашын» ұсыну.Оқушылар топта сабақтың тақырыбы бойынша стикерге сұрақтарын жазып, сол ағашқа орналастырады. Әр топ басқа топтың «Мейірімділік ағашына» барып, сұрақтарына жауап береді. «Сенің ұсынысың» Оқушылар берілген жағдайлардың шешімін ұсынады. Олар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырыпты түсінгендерін көрсетеді | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?