Отбасылық мерекелер. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 – бөлім «Менің отбасым және достарым» Тақырып: Отбасылық мерекелер. | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Тоқсан: Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К. | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Отбасылық мерекелер | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме) | 1.1 Мен және менің отбасым | ||||
Сабақ мақсаттары | 1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау. 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру. | ||||
Тілдік мақсат
| Асхана, кітапхана, мед.кабинет, ескі, жаңа. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениетін және татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 – 7 минут | Фонетикалық жаттығулар. Хор мен қайталау: А – а - а - ата. Ә - ә - ә - әже Ә - ә - ә - әке А – а – а – ана Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен? -Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады. Біз қандай отбасымыз? - Біз бақытты отбасымыз Біз қай елде тұрамыз? -Тәуелсіз Қазақстан елінде. Бақыт біздің тату - тәтті отбасымыз | . | |||
Сабақ ортасы 25-30 минут | Отбасы - үлкен қуаныштың, қамқорлықтың, бақыттың ортасы. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып өседі. Қашанда отбасы мүшелеріне көмектесу, үлкендердің айтқанын тыңдау әр баланың қолынан келеді. (Ө) «Үлкенге- ізет, кішіге- құрмет» мағынасын ашу. (Т) Топпен жұмыс. Бірінші топқа өзінен үлкенге көмек көрсетіп жатқан, ал екінші топқа өзінен кішіге қамқорлық көрсетіп жатқан баланың суреті беріледі. Оқушылар суреттің мағынасын ашып, сипаттайды. Ситуациялық сұрақтар: Ауырып жатқан әжең қандай көмек көрсету қолыңнан келеді? Әжең сенің көмегіңді қажет ете ме? (Ұ) Портреттер галереясына қысқаша шолу. Бүгін біз туған күн мерекесін жоспарлаймыз. Туған күндерді атап өтуді жоспарлау үшін, мыналарға назар аударуымыз қажет:
(Ж) Жұптық жұмыс «Өзіңнің отбасың туралы айтып бер» Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып әңгімеле. - Сенің отбасында неше адам бар? - Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың? - Отбасындағы өзіңе жақын досың кім? - Сенің ағаң, әпкең бар ма? - Ағаң немесе әпкең сенен үлкен бе? - Олар қандай ойын ойнайды? -Өз отбасыларыңда қандай мерекелерді атап өтесіңдер? -Қонақ күтуге қалай әзірленесіңдер? -Мерекеде қандай ойындар ойналады? Сергіту сәті. Бас бармағым атам - үйдің данасы, Балан үйрек әжем – ошақ анасы, Ортан терек әкем – отау панасы, Шылдыр шүмек шешем – шаңырақ ажары, Кішкентай бөбек мен - бәрінің базары. Отбасы- кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен, бір - біріңмен тату болыңдар.
«Менің үйім» тақырыбына сурет салу. Үйінің мекен – жайы, телефон нөмерін білу. | Отбасымен түскен фотосуреттері
| |||
Сабақтың соңы 2 – 3 минут | Рефлексия. Салған суреті бойынша. - Өзің отбасың туралы әңгімеле - Отбасының үлкені кім? -Оған отбасы мүшелері қалай қарайды? | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Өз ойын топта немесе сынып алдында айтуда қысылатын оқушыларды жұпта әңгімелесуге біріктіру. | Оқушылардың талқылауға қатысуын, фотосуреттер бойынша әңгімелеуде өз ойын жеткізуін бағалау. | Сергіту сәті және көзге арналған жаттығулар. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?