Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану 1 В бөлім «Менің мектебім» Тақырып: Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады? | Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | |||||||||
1 сынып 1тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М. | |||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.4.4. Ұсынылған үлгі бойынша сұлба құру. 1.1.5.11. Қарым-қатынастың түрлерін білу. 1.1.5.7. Өзінің рухани, моральдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу. 1.4.3.1. Мектепте тәртіп ережелерін сақтау. | |||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||
Алдыңғы сабақта | Менің мектебім қандай? - деген сұраққа өз мектептерін сипаттап айтып берді және мектептегі орындарды зерттеді. | |||||||||
Тілдік мақсаты | Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту: ереже (правило, rule), тәртіп (поведение, behavior), жауапкершілік (ответственность, responsibility) мектеп ережесі, сынып ережесі, топтық жұмыс жасау ережесі, ережелерді сақтау. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||||
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
| Көңілді шеңбер. Оқушылар музыка әуенімен көңілді шеңберге жиналады. Ойын «Әріптерден сөз құра» Шарты: оқушылар музыка әуенімен белгі бойынша топқа бөлінеді. Әр топ үшін қима сөздер салынған конверт беріледі. Оқушылар қима қазақша түйін сөздердің біреуін жинайды және олардың орысша, ағылшынша жазылған аудармасын тауып қояды. ереже правило rule -Балалар, шеңберде қалай отыру керек?-деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады. Күтілетін жауаптар: - Шеңберде тыныш отыру керек. - Бірімізді біріміз мұқият тыңдайық. - Сөзді бөлмеу керек. - Әркімнің пікіріне дұрыс көзқарас білдірейік. (Ұ/Ж) Оқушылармен құрастырған ереженің не үшін қажет екенін талқылау. Оқушылар өз идеяларын айту үшін сұрақтар қою: - Ереже не үшін қажет? Постер құру арқылы талқылау жүргізу. Міндеттерді орындау үшін Ереже не үшін Тәртіп сақтау үшін қажет? Сыныптастармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін Қауіпсіздікті сақтау үшін (Ж/Қ) Сыныптағы өте маңызды бірнеше тәртіп ережелерін құрастырыңдар.
/Оқушылардың ойын тыңдау/ (Ұ) Сурет бойынша әңгіме. - Суреттен оқушылардың қандай әрекетін көріп тұрсың? - Олар мектептегі тәртіп ережесін сақтады ма? - Сен оларға не айтар едің? (М.Т) Мектеп – біздің ортақ үйіміз. Мектептің өз ережелері бар. Өз тәртібің үшін жауапты бол. Сонда мектепте әрқашан тәртіп болады.
(Ө) Мектепке қандай затты апаруға болмайды? (Т/Тәж.) Оқушыларға күнделікті ұстанатын сынып ережесін құрау үшін постер жасап сынып бұрышына ілетінін хабарлау. Ережеге төмендегі сұрақтарды негізге алуды ұсыну. /Оқушылар топпен талқылай отырып, сыныптағы тәртіп ережелерін құрастырады және қорғап, сыныппен бөліседі./ - сынып бөлмесінде қандай ережелерді сақтау керек? - ережелер сақталып жүргеніне көз жеткізу үшін олар не істейді? - ереже бұзатындарға не болатынын; -«сыныптың ережелерді орындауларын бақылауға» кім жауапты? - ереже сақталмаса не болуы мүмкін? (Ө) Өзіңді асханада қалай ұстау қажет? Ойын «Мектепте болады, болмайды» Шарты: Оқушыларға мектептегі оқушылардың іс-әрекеттері көрсетілген суреттер беріледі. Суреттерді тиісті қатарға ілу керектігі ескертіледі. Болады Болмайды Кел, талқылайық! Мұғалім сенен демалыс күні сыныпқа гүл отырғызу үшін мектепке келу керектігін айтты. Ал сен достарыңмен стадионға баруды жоспарлап қойдың. Сен не істер едің? Анықта. Оқушыларға үзіліс кезінде орындау үшін берілетін тапсырма. Оқушылар әңгіме кезінде неліктен бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдауы тиіс екенін анықтау үшін мектеп қызметкерлерімен (кітапханашымен, дәрігермен, аспазбен, мұғаліммен) әңгімелеседі. Рефлексия. Сынып ортасына екі текше қойылады. Оқушылар өз орындарын табады. «Мен мектеп және сынып ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндім»-деген оқушылар биік текшеге отырады. «Маған әлі де мектеп тәртібін сақтау туралы ережелерді қайталау керек»-деген оқушылар төменгі текшеге отырады. | Қима сөздер Оқушыларға көмек ретінде суреттер көрсетіледі.
Постер құру. Сурет бойынша әңгіме. Оқулық, 22 бет.
Жұмыс парағы 14 бет. Жұмыс парағы 15 бет. АКТ | ||||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||||
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі АКТ байланыстары Құндылықтар байланысы | ||||||||
Оқушылардың ойын, пікірін тыңдап, оларды мадақтау, идеяларына қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі. Қабілетті оқушыларға топпен жұмыс кезінде басшылық жасау ұсынылады. | Постерді қорғау кезіндегі оқушылардың ереже құру біліктілігі және жұмыс парағында тапсырмаларды орындауы бағаланады. | Өнер пәнімен байланысады, өйткені постерлерге сурет салады, жұмыс дәптеріндегі «Мектепке қандай затты апаруға болмайды?» тапсырмасында заттарды тиісті түстерге бояйды. Өзін-өзі тану пәнімен байланыс болады, өйткені оқушылар өздерінің жауапкершілігі мен міндеттері туралы әңгімелейді. Сабақ екі сағатқа бөлініп өтіледі және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар алынады. «Мектепте болады, болмайды» ойыны АКТ арқылы ойналады. Тақырыпты өту кезінде оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер, мектептегі ережелерді сақтау керек екендігі туралы жауапкершілік пайда болады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?