Қазақ дәстүрлі ойындардағы стратегия мен тактика. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Ұлттық ойындағы шығармашылық әлеует

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Сабақ тақырыбы: Қазақ дәстүрлі ойындардағы стратегия мен тактика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.7.7. Бәсекелестік кезіндегі патриотизм , тәртіп , ынтымақтастық және әділ ойынды бақылау және талқылау.

 Сабақ мақсаттары

Ұлттық ойындардың ерекшелігін және балама ойын түрлерін құрастыра отырып бәсекелестік кезіндегі потриотизмді дамыту

Дәстүрлі ойындардға стратегия мен тактика қолдану арқылы физикалық қасиеттерді дамыту.

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы патриоттық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

 Бағалау критерийлері

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін біледі

Қазақтың ұлттық балама ойындарын ойнау арқылы ойынды талдап, бағалай алады.

Ұлттық ойындарды топпен орындау кезінде бір-бірінің ынтымақтастығын және әділ ойынды бақылай және талқылай алады..

 Тілдік мақсаттар

 

  • Сабақта әр түрлі қимылдау туралы түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тымақ ұру, асық ату, хан талапай, бестас, көкпар, бәйге, теңге алу;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қандай қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін білесіздер, атауын атаңыздар?

Қазақтың ұлттық ойындары қандай физикалық қабілетімізді дамытады?

 Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу. Өзін-өзі жетілдіру, дамыту қажеттілігін сезіну.

 Пәнаралық байланыстар

Дене бұлшық еттердің дамуы жәнее жүрек соғысының өзгерісі туралы биология пәнімен байланыстырып, сабақтастыру

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет арқылы ұлттық ойын түрлері және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық мағлұмат алады

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық ойындарын түсініп, орындай білу және ойын кезіндегі қауіпсіздік іс-шараларын тиімді қолдана білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15 мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың оқу мақсатын түсіндіріп, мәлімдеу .

3. Дене қыздыруға арналған жүгіру, секіру жаттығулары;

4. Жалпы дамыту жаттығулары

Планшет немесе телевизордың көрсетілімі арқылы жалпы созылу жаттығуларын 4-5рет қайталап орындау (суреттегідей):

Әрбір әрекет үшін кең, кедергісіз кеңістік, ысқырғыш, швед сатысы

Планшет , телевизор, ноутбук

жеңіл төсеніштер

Сабақтың ортасы

50-55 мин.

Тапсырма №1. «Бір бекет» әдісі бойынша карточкамен қазақтың ұлттық ойындарын орындау. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр бекеттегі әр топтың тапсырмалары таратпа қағаз арқылы беріледі.

№1 таратпа қағаз тапсырмасы. Топтық жұмыс. Ат үстінде ойналатын ойындарды атап өтіңіздер және сол ойындардың біреуіне ұқсас бір балама ойын құрастырып өткізіңіз. Мысалы: қазақтың ұлттық «Аударыспақ» ойынын, балама ойын «Армрестлинг» ойынымен ұқсастығын зерттеп, талдаңыз және ережесімен ойнап көрсетіңіздер

№2 таратпа қағаз тапсырмасы. Топтық жұмыс. Қазақтың «Жамбы ату» ойынына қандай балама ұқсас ойын ойнатуға болады? Топпен ойланып, ізденіп ойын құрастырыңыздар және ойынды көрсетіп ойнап, ерекшеліктерін талқылаңыздар, мысалы «Дартс» ойыны

№3 таратпа қағаз тапсырмасы. Топтық жұмыс. Қазақтың ұлттық «Теңге ілу» ойынына балама ұқсас ойын тауып, өткізіңіздер және ойынның басқа қазақ ұлттық ойындардан ерекшелігін түсіндіріп, талқылаңыздар. Бұл ойынды атсыз қалай ойнауға болады?

Тапсырманы сұрақ арқылы қорытындылау немесе пікір алмасу:

  • Қай бекеттің жаттығуын орындау қиынға түсті, неліктен деп ойлайсыз?

Дескриптор: білім алушы

  • Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін талқылайды, бағалайды;
  • Физикалық қабілеттерін ұтымды пайдаланады;
  • Ойын ерекшеліктерін біледі;
  • Топпен тапсырманы сапалы орындайды.

Тапсырма №2. Көшпелі қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы қаймағы бұзылмастан жалғасып келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі – «Бестас» ойыны. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша бұл ойын еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Бестас ойыны жас талғамайды, мұны еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін ойнай береді.

Ойын мынадай жүйелермен орындалады:

  • Бірлік. Бес тасты жерге иіріп тастаған соң, біреуін қақпатас етіп жоғары лақтыра отырып қалғанын бір-бірлеп қағып алады.
  • Екілік. Тастарды жерге иіріп тастап, жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады.
  • Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты жеке қағып алады.
  • Төрттік. Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпатас етіп жоғары лақтырып, ол қайта түскенше төрт тасты жерге қойып үлгереді де, тағы лақтырып, жердегі тастың төртеуін қайта жинап алып қақпатасты қағып алады.
  • Жалақ. Ойында үш немесе бес жалақ болады. Қақпатасты жоғары биіктікте лақтырып жіберіп, сұқ саусақпен жерді үш немесе бес рет «жалатып»үлгеру керек.Үш рет жалау немесе бір рет жалау ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.
  • Алақан. Қақпатасты лақтыра отырып, қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.
  • Төрт бұрыш. Төрт тасты жерге қойып, яғни, төрт бұрыш жасап қойып, содан соң қақпатасты биіктікте лақтырып, тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек. Төртбұрыштың үлкендігі ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.
  • Арттан тастау. Ойынның бұл түрінде жерден бірінші тасты қағып алған соң, екінші тасты қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек. Үшінші тасты қағып алу үстінде екінші тас арттан тасталады.Бәрін тастап болған соң, жердегі тастарды соңынан тұтас жинап қағып алу керек.
  • Үндемес. Бестас ойынының бұл түрінің шарты бойынша қақпатасты қағып алғанда, ол алақандағы басқа тасқа соғылмауы керек. Ойынның шарты бойынша үндеместі ойнаған кезде ойыншының өзі де үндемей отыруы керек. Ал басқа ойыншылар ойынның осындай жағдайын пайдаланып, үндеместі ойнап отырған ойыншыны күлдіруге тырысады. Ойыншы күліп жіберсе, ол сол арада ойнауын тоқтатуға тиіс болады. Себебі, ойын шарты бойынша дыбыс шығарса ойын шарты бұзылады.
  • Сарт-сұрт. Ойынның бұл түрінде бірлік ойыны сияқты қақпатас қағып алынады. Бірақ қақпатас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылғаны құлаққа естілуі керек. Себебі, ойын шарты бойынша дыбыс шығарса ойын шарты бұзылады.
  • Қаршу. Ойыншы бес тасты жерге иіріп тастап, қақпастасын қолына алып, қалған төрт тасты бір-бірлеп қаршып қағып алады.
  • Нәби. Ойынның бұл түрінде сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстайды да, оң қолымен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға қарай иіріп тастап, қақпа тасты қолына алады. Ал басқа ойыншылар жердегі төрт тастың бірін нәби(ата) сайлайды. Нәби ойыншылардың өзара келісулері бойынша не алдыңғы, не арт жақта жатқан тастардың бірі болады. Ойыншы нәбидің ең соңында, яғни басқа тастарды қақпадан өткізіп болғаннан кейін ғана өткізеді. Ойынның шарты бойынша басқа тастарды нәбиге тигізіп алмай, бір-бірлеп өткізу керек.

Кедергісіз кеңістік, жеңіл төсеніштер

https://www.youtube.com/

watch?v=UQHmmlbnmKY

http://dropdoc.ru/doc

/375333/kazahskie-nacional._nye-igry

Дартс құралдары

https://kazakh-tv.kz/ru/programms

http://el.kz/kz/news/archive/-

Сабақтың соңы

8-10 мин.

Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру ойыны: СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН - ОЙЫНЫ

Оқушылар сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.

Кері байланыс. Рефлексия. «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» парақшасын толтыру.

Үйге тапсырма:

  • № 2 тапсырманың жаттығуларын үйде қайталау.
  • Икемділікті дамыту жаттығуларын орындау.

Түрлі-түсті стикерлер, маркерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар жаттығу мен жүгіру арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Оқушылар залдағы кеңістік пен қозғалыс координациясын қалай үйлестіре алады?

Топтық композиция мен талқылау сапасы

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу