Ойын кеңістігіндегі бағыт-бағдар дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.


Оқу мақсаты:

10.1.6.6. Қимыл қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жаңа стратегиялық дағдыларын дамыту

7-бөлім –Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны

Сабақтың тақырыбы:

Ойын кеңістігіндегі бағыт-бағдар дағдысы.

Бағалау критерийлері :

Футболдағы тактикаларды, стратегияларды түсіне және қолдана біледі.

Сабақтың мақсаттары:

Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінуге және қолдана білуге үйрету.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

үйлесімдік, реттілік

дәлділік, соққы

тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

Тапсырма

(Т, ЖЖ, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар:

1. Допты кедергілер арасымен алып жүру, келесі серіктесіне пас беру.

2. Серіктесіне пас беру және серіктесінен допты қабылдау.

3. Допты табанның ішкі жағымен серіктесіне беру.

4. Допты табанның сыртқы жақ қырымен серіктесіне беру.

5. Допты аяқтың ұшымен серіктесіне беру.

6. Аяқтың ішкі қырымен алып жүру.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Допты табанның сыртқы және ішкі жағымен береді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Тапсырма

(Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі.

«Бесеу үшеуге қарсы». Сынып екі командаға бөлінеді, бір командада бес, екінші командада үш ойыншы болады. Үш ойыншысы бар команда ойынды бастайды. Екі команда да допты ұзақ ұстап тұруға тырысады. Допты бір минут ұстап тұрса, командаға бір ұпай беріледі. Белгілі бір уақытта көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Бес ойыншысы бар команда белгілі бір тапсырма алады, үш ойыншысы бар командаға шектеу қойылмайды. Ойын ұзақтығы: 5 минуттан 6 рет.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабағы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Футболдағы тактикаларды және стратегияларды қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI

https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w

https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js

https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ

Допты қақпақылдау

https://www.youtube.com/watch?v=VVSdK-J77_A

https://www.youtube.com/watch?v=zQ22tAcwdl4

https://www.youtube.com/watch?v=WIMeajstUBk

https://www.youtube.com/watch?v=OTpO1uSIeaI

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу