Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 81 сабақ.
Сабақ жоспары № 81
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | - қимыл-қозғалыс комбинацияларын реттілігін түсідіреді. - кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін көрсетеді. | |||||
Бағалау критериі | -қауіпсіздік ережесін біледі; - қимыл-қозғалыс комбинацияларын реттілігін түсідіреді - ойын тактикасының орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Командалық ойында ойыншылардың машықтарын қалай дамыту керек? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ойын тактикасы https://www.youtube.com/watch?v=dae6H8f1t7Q | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: -оқушылар проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді. -мақсатқа жету үшін мұғалім жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады. - Спорттық ойындар және эстафеталар тактикаларды, шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады. –Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) «Миға шабуыл » стратегиясы өткізеді. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі: https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (С, Ж, ҚБ) «Футболды қуыспақ». Ойын футбол алаңында өткізіледі. Әр ойыншыда, сондай-ақ жүргізушіде (бірнеше жүргізуші болуы мұмкін) доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша барлық ойыншылар жүргізушілердің соңынан допты теуіп жүреді. Жүргізушілердің мақсаты – допты тебу арқылы, сәті түскенде ойыншылардың біреуінің добына добын тигізу. Егер бұны жасай алса, жүргізуші сол ойыншымен орын ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді. Жүргізушілердің добы ойыншылардың добынан өзгеше болуы керек (мысалы, түсі, т.б.). Дескриптор -қауіпсіздік ережесін сақтайды. -қорғаныс әрекетін құра алады . -допқа әрекет жасайды. (Т, К, ҚБ) Суретте көрсетілген қорғаныс әрекетін түсіндіріңіз және көрсетіңіз. Тактикалық әрекеттер орындағаннан соң оқушыларды екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалау Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -қорғаныс әрекетін құра алады . -допқа әрекет жасайды. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Допты дәл беру үшін қандай қасиеттер жетіспеді? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш мұғалімге, конустар. ойын тактикасы https://www.youtube.com/watch?v=dae6H8f1t7Q | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру