Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 82 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №82

Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы

Оқу мақсаты: 8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу;

Бағалау критериі

- дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыра алады

-ойын тактикасы кезінде балама түрлерін құруға қажет ережелер құрастыра алады;

-құрылымдық тәсілдерді қолданып оны талқылай біледі;

Сабақтың басында оқушыларға осы сілтеме бойынша қозғалмалы ойындардағы футбол элементерін көрсетіңіз:

https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

«Ақылды доп » стратегиясын өткізіңіз. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір біреуіне доп лақтырып әр бір лақтырған адамға тақырып бойынша сұрақтар қойып нақты жауаптарды талқылайды.

Бұл ойында сыныпты екі командаға бөлініп, қарама-қарсы қақпаға қарап сапқа тұрғызыңыз. Команданың бірінші нөмірлерінің алдында футбол добы болады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлі ойыншылар допты аяғымен қақпаға қарай алып келеді де, оны айып алаңнан қақпаға теуіп, оны өз командасына қарай кері алып кетеді. Өз командасына жеткен кезде оны екінші нөмірлі ойыншыға беріп, өзі саптың соңына тұрады. Қарсылас командаға көп доп салған және эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңімпаз болады.

Сұраңыз

Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар туындады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін сақтайды.

-допты алып жүреді .

-допты қақпаға тебеді.

-өз командасына жеңіс алып келеді.

Оқушылар допты алып жұру техникасын жақсартады.

  • Аяқтың ішкі қырымен алып жүру.
  • Аяқтың сыртымен алып жүру.
  • Аяқтың ортасымен алып жүру.

Ойын нәтижесіне оқушылармен бірге талдау жасаңыз. Оқушыларға ойын ережесін өздерінше жасауды ұсыныңыз.

Тапсырманы орындағаннан соң өзін өзі бағалау баспалдағы стратегиясын ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу