Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 71 сабақ.
Сабақ тақырыбы:
Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары.
Оқу мақсаты
8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;
8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады;
-өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра алады, оның шешудің балама жолдарын ұсынады.
Тапсырма 1
Сынып командаларға бөлінеді. Шабуылшы команда екі бойға сапқа тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бұл команданың бірінші ойыншысы өтірік қозғалыс жасап, оңға-солға қозғалып, бағытын өзгертіп, басқа жаққа қарай жүгіреді.
Қорғаушы (басқа командадан) оған екінші ойыншыдан допты алуға мүмкіндік бермей оны қоршап алады. Барлық команда тапсырманы кезекпен орындайды. Одан кейін бір-бірімен орын ауыстырады. Допты көп қағып алған команда жеңіске жетеді.
«Экран» әдіс-ойыншы әріптесі мен оны бақылайтын қорғаушының арасында тұрады, сосын екі шабуылшы да қарсылас қалқанына қарай бірлесе қозғалады. Бірінші ойыншы допты жүргізетін әріптесін қарсыласының қарсы әрекетінен қорғайтын қозғалмашы экран тәріздес амал жасайды. Бұның барлығы добы бар ойыншыға орташа қашықтықтан шығыршыққа кедергісіз доп салу үшін қолайлы сәт таңдауға мүмкіндік береді. 73, а-суретте «экран» тосқауылы 4-добы бар әріптесі үшін 7-ойыншымен жасалады, ал 73, б-суретте 6-әріптесінің жүргізу көмегімен добы бар 5-ойыншымен қойылады, мұнда қарсылас қалқанына жақын жерден 5-ойыншы 6-ойыншыға «үш ұпайлық сызықтан» доп салу үшін доп береді.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-допқа ие бола алады.
-ойында моневр жасай алады
-қарсыласына ойын кезінде құрмет көрсетеді
Алдыңғы тосқауылдан «экран» тосқауылын жүргізуге өту өте қолайлы.
«Экранның» әсерлілігі баскетболшылардың өзара түсінушіліктеріне тіклей байланысты. Тосқауыл өз мақсатына жетуі үшін, оны әріптесінің орналасуына өте қолайлы жерден қою керек. Тосқауыл қойылатын ойыншының әрекеті тосқауыл қоюшы әріптесінің әрекетімен үйлесімді болуы тиіс. Ол тосқауыл қойылмай тұрып, қарсыласынан ерте кетіп қалмауы керек. Бірақ кешігіп шығу да қате, олай етпесе, қарсыласы қорғаныс қойып үлгереді.
Добы бар ойыншыға қарағанда добы жоқ ойыншы үшін тосқауыл қолданған өте дұрыс, өйткені оны мұқият бақыламайды.
Саралау жүзеге асырылады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Сұраңыз:
Бұл тапсырма бірігіп және тиімді жұмыс жасау дағдыларын дамыта ма?
Бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңыз?
Кері байланыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру