Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 13 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №13

Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаты: 8.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді бағалай білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Орқушларды сабақтағы қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Дауыс арқылы біл» ойыны

Ойыннан кейін сұраңыз : - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Оқушылар қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын пайдаланып, ұсынылған материалдар бойынша қозғалыс ойындары туралы әңгімелеседі.

Сұрақ жауап

Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы туралы әңгімелейді.

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет – ғұрыптары

2.Әдептілік пен сыпайылық әдет – ғұрпы

3.Жасы үлкендерге құрмет көрсету

4.Тамырлық және қоныс таңдау әдет – ғұрпы

5.Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт – дәстүрлер

6.Бата беру

7.Бала тәрбиесі

І.Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі

1.Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?

2.Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?

Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.

Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.

Қазақстанда қандай ұлттық ойындар өткізіледі?

«Командалармен жүгіру»

Оқушылар екі командаға бөлінеді және сөре сызығына сап түзейді. Жетекшінің белгісі бойынша алғашқы бес адам бірін-бірі белдерінен ұстап, бағандарды айналып өтеді (сағат тіліне қарсы) және сөре сызығына қарай жүгіреді. Олар өз бағандарының жанынан жүгіріп өтіп, оны артынан айналып өтеді және қайта бағандарға қарай жүгіреді. Олар сөре сызығынан өткен кезде, оларды белдерінен қысып, алтыншы нөмірлер қосылады, енді ойыншылар алтау болып кедергілерден айналып өтеді. Команданы айнала бұрылғаннан кейін оларға жетінші нөмірлер қосылады және т.с.с. Ойын барлық команда қолдарын ажыратпай, мәреге жеткен кезде аяқталады (яғни, соңғы ойыншы сөре сызығын кесіп өткенде). Ойында команданың бірінші ойыншыларына үлкен күш түседі, сондықтан ойынды қайталаған кезде ойыншылар кері тәртіпте орналасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор :

- топта белгілі әрекеттер жүйелілігін құрастырады.

- топтық жаттығулар әрекеттерінде белсенді қимылдау жаттығуларын көрсетеді.

- бірлескен топтағы патриоттық сезімді көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Біз өз бойымызда тапсырмалар мен мәселелерді шешуге қабілетті дамытуымыз керек? Өз топтарыңызда қандай қиындыққа тап болдыңыз?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады. (Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу