Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 13 сабақ.


Сабақ жоспары № 13

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

- арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылайды

 Бағалау критериі

-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

 Тілдік мақсаттар

Спорттық ойындардағы қажетті қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік ережесі
  • Шығармашылық, икемділік
  • Ереже, қауіпсіздік
  • Шабуыл, қорғаныс
  • Допты қабылдау, жалғау, ойынға қосу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

-Тапсырмаларды орындау кезінде біздер неліктен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауымыз керек?

- Волейбол алаңында қандай ойын аймақтары бар?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Ойын арқылы денсаулықты шыңдау жаттығуларын біледі..

Бастапқы білім

Қозғалмалы ойындар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Достармен кездесу уақыты»

Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы,

сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(Т, Ж, ҚБ) Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа волейбол сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін талқылау тапсырмалары беріледі.

(Ж, ҚБ) «Орын ауыстыру».

1. Оқушылар волейбол алаңының артқы сызығына торға қарсы қарап параллелді екі лекке тұрады. Лекте бірінші тұрғандар торға қарай жүгіреді, екі адыммен тоқтайды, секіреді, бұрылып екінші допты жалғауды имитациялайды, мұғалім оқушыларға орын ауыстыру бағыттарын айтып отырады (№2 аймақта бұрылу солға орындалады, №4 аймақта бұрылу оңға орындалады, №3 аймақта оңға және солға орындалады).

2. Оқушылар бір лекпен волейбол алаңының қаптал сызығы мен шабуылдау сызығының қиылысқан жерінде тұрады (екінші сызық). Бір топ сол жақ қапталында, ал екіншісі оң жақ қапталында. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар шабуыл сызығының бойымен қозғала отырып №6 аймаққа жүгіреді, тоқтап торға қарап бұрылуды орындайды, арқамен алға қарай қозғала отырып сол жақ қапталда тұрған ойыншылар №5 аймаққа қарай орын ауыстырады, ал оң жақ қапталдағы ойыншылар №1 аймаққа орын ауыстырады, тоқтайды және допты төменнен қабылдауды имитациялайды, өзінің легінің соңына барып тұрады.

Дескриптор :

-ойыншылар волейбол алаңының аймақтары бойынша қозғалыс орындайды.

- алаңда еркін қозғалыс жасайды.

- берліген тапсырманы толық орындайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/

Сабақтың соңы

35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу