Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 13 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №13 сабақ

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз..

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

«кім көп секіреді» ойынын өткізіңіз.

Ойыншылардан үшнемесе төртқатарлас сапқа тұрады. Олардың арақашықтығы 2 м, ал саптағы ойыншылар арасында- 1 қадам. Саптағы бас ойыншылар бір қысқа секіргіштен алады. Белгі бойынша олар секіргіштің бір шетін артында тұрғанға береді, екі ойынша секіргішті саптағы ойыншылардың аяқтарының астынан өткізеді. (секіргіш жерге тиетіндей дерлік болу керек). Сапта тұрғандар секіргіштен серікеді. Бас ойыншы саптың соңында қалады, ал секіргішті жүргізуге көмектескен ойыншы (екінші номір) алға жүгіреді. Ол секіргіштің бір шетін үшінші ойыншыға беріледі, олар тағы барлық сапта тұрған балалардың аяқтарының астынан секіргішті өткізеді. Енді саптың соңында екінші ойыншы қалады, ал үшінші саптың алдына жүгіреді тағы солай жалғаса береді. Ойын барысында барлық ойыншылар секіргішті жолдастрының аяқтарынан астынан өткізу керек. Ойынның басында бірінші тұрған оқушы (секіргішті жоғары көтеріп) ойынды аяқтайды. Өз орнына келіп аяқтайды

Шабуылдаушы ойыншының қолына доп тигенде, онымен жүгіруге немесе оны 3 ойыншы-қорғаушыға лақтыруға болмайды. Ол ойыншы-қорғаушыға жету үшін өз командасының мүшелеріне жанасып, оларға жылдам доп шығаруы тиіс. Қорғаныстағы ойыншы жылдамдықты/бағытты өзгертуге тырысып, доптан қашуға тырысады. Ойыншыларға тигенде, олар ойында қалу қажет.

Тактикалық және бірлескен жұмыс туралы хабардарлықты түсіну үшін сұрақ қойыңыз:

  • Допты иеленуші команда үшін: Қорғаныстағы ойыншыға жанасуға мүмкіндік беретін ең жақсы әдіс қандай? (мысалы, нақты және жылдам өтпелерді орындау, команда мүшелерімен қарым-қатынас жасау, ойыншының жанындағы қалып, олардың кеңістігін шектеу).
  • Қорғаныстағы ойыншы үшін: Сіз қалай жанаспай кеттіңіз? (мысалы, алдамшы әдістерді қолданып, жылдамдықты/бағытты өзгерте отырып, кеңістікті құру және пайдалану).

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Сұрақ қойыңыз:

-допты жоғарыдан соғу кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз.

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Бір қолмен допты тойтару соққысын видеоан қарау

https://www.youtube.com/watch?v=zvjfL487Vaw&index=6&list=PL1D5B5ABE829C656A

Екі қолмен ұру: http://www.youtube.com/watch?v=c7tDVv1cBeM



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу