Қауіпсіздік техникасы. Жақын қашықтыққа жүгіру дағдылары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 1 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Жақын қашықтыққа жүгіру дағдылары

Жеңіл атлетика

Сабақ мақсаты: Жақын қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту, жетілдіру, 30-60 метр арақашықтықты жүгіріп өту.

Оқу мақсаты: 8.1.5.1. Әр түрлі құрал жабдықтарды пайдалана және қозғалыс әрекетін орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді сезіну

8.1.1.1.Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтау және пайдалану

Қысқа қашықтыққа төменгі/жоғары/ сөреден жүгіру негізі және үйрету әдістері

сөре /жүгірудің басталуы/

сөрелік екпін /старттық қозғалыс/

арақашықтық бойымен жүгіру

мәреден өту амалдары /финиш/

Қысқа қашықтыққа жүгіру

Төменгі сөре

«Сөреге!» командасын орындау

«Сөреге!» бұйрығы бойынша

колодкаға жақындау және оның артына тұру;

алдыға еңкейіп колодкаға тұру және қолды сөре сызығына қою;

итерілу (күшті) аяқты алдыңғы колодкаға, екінші аяқты артқы колодкаға қою;

артта тұрған аяқтың тізесін жерге(дорожка) тіреу;

қолды сөре сызығына қою;

төрт саусақ бірігіп сызық бойымен жанына қарай орналасу;

бас бармақ та жанына қарай орналасады;

қол иықтың еніне қойылған;

дене ауырлығы тірек нүктелері арасында біркелкі бөлінеді;

бас еркін,бос күйіндегі қалыпта;

көзқарас старт сызығынан 1,5 - 2 м-ге жуық алға-төменге ұмтылған.

"Назар аудар!» командасын орындау

"Назар аудар!» командасы бойынша:

артта тұрған аяқ тізесі жерден көтеріледі;

жамбас иықтан жоғары көтеріледі;

алдыңғы аяқтың тізе буыны түзу бұрыш құрайды;

арқа сәл көтеріңкі;

бас төмен қарайды;

дененің салмағы қолға түседі.

«Жүгір!» командасын орындау

«Жүгір!»командасы бойынша:

бірінші қозғалысқа бүкіл күшті салуға тырысыңыз;

денені жылдам жоғары-алға қарай түзету;

артқы аяқ бірінші қадам жасайды және қысқа адыммен қадам жасайды;

қолдар алма кезек қысқа және жылдам қимылдарды орындайды;

көзқарас сәл алға жүгіру жолына бағытталған, дененің еңкею қалпы тек 6-8 қадамнан кейін ғана түзеледі.

Сөрелік екпін:

табанның алдыңғы бөлігіне басып жүгіру;

кең және жылдам қадамдар жасау;

табанмен екпінді итерілу;

аяқты жоғары көтеріп жүгіру;

шынтақтан бүгілген қолдар алға-артқа жігерлі жұмыс істейді (қисық емес, денесіне көлденең емес);

қолыңызды жұдырыққа қыспай жүгіру;

денені сәл алға еңкейту, бірақ белге дейін бүгілу емес;

тістеніп жүгіруге болмайды, ауызды бос ұстаңыз.

«Жүгір!» командасының орындалу техникасы:

жүгіруші күрт алға қарай жылдам қозғалыс жасайды;

5-6 қадамнан кейін дененің тік жағдайы қабылданады.

Төменгі старт кезінде жіберілетін қателер

Бас артқа қарай көтерілген, өйткені жүгіруші мәреге қарай қарайды-арқасы ішке иіледі.

Қолдар түзу ұсталмаған-ауырлық орталығы тым артқа жылжыған.

Арқа иілген

Жүгірушінің денесі тым артқа ауытқыған,

қолдар дұрыс тірелмеген.

Жамбас тым жоғары көтерілген,

Жүгіруші қолға аса қатты күш түсіреді, сонымен қатар қолдар тым жақын орналасқан.

Бірінші қадамнан дене қалпын тез тік ұстауға тырысуы.

Сермелуші аяқтың тым жоғары көтерілуі.

Екі қолың тым артқа кетуі.

Жүгіру кезіндегі қолдың жағдайы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу