Қауіпсіздік техникасы. Саптық жаттығуларды зерттеу. Дене шынықтыру, 7 сынып, қосымша материал.
Бөлім. Гимнастика арқылы когнитивті және денені басқару дағдылары.
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Саптық жаттығуларды оқып үйрену
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезінде болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы.
• Қауіпсіздік ережелерін сақтайды және саптық жаттығуларды нақты орындап көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Саптағы жаттығу кезінде орнында тұрып бұрылу, жүру, жүріп келіп бөліну және орнында тұрып бөліну әдістерін көрсетіңіз.
Сапта тұрған кезде білім алушылар ара-қашықтық сақтап тұруы қажет.
«Түзел!» деген бұйрықта сапта тұрған оқушылар оң жаққа қарай басты бұрып, түзеледі, яғни бірінші тұрған оқушыға түзеледі.
«Тік тұр!» командасын орындау кезінде бастапқы қалыпқа түседі, яғни мұғалімге назар аударады.
Дескриптор Білім алушы
- жаттығуларды бұйрық бойынша орындайды;
- бөліну әдістерін көрсетеді;
- жаттығу барысында қате тұстарды (ара-қашықтықты сақтамау, дұрыс бұрылмау, дұрыс жүрмеу) анықтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру