Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 96 сабақ.
8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Оқу мақсаты:
6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну.
Сабақтың тақырыбы:
Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.Бағалау критерийлері :
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.
Тілдік мақсаттар
Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету.Талқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?• Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.
Тапсырма
Ойынның алдында ойынның ережесі мен қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Әр ойыншы алдағы тұрғанның белінен ұстайды. Бірінші ойыншы – «басы», ал соңғы ойыншы «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы» «құйрығына» қуып жетуге тырысады, ал құйрығы қолын үзбей, ұстатпауға тырысады. Егер ұсталса, екі ойыншы да өздерінің командаларының басына барып ауысады, ал басы мен құйрығы келесі ойыншылар болады. Келісілген уақыттан кейін командалар орындарымен ауысады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;- Ойын кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады.Тапсырма
Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасы көрсетіліп түсіндіріледі. Осыдан кейін олар тапсырманы практика жүзінде орындайды. Білім алушылар үйренген әдіс бойынша төменгі сөреден шығып жүгіреді. Жүгіру уақытында және өз кезектерін күтіп тұрғанда қауіпсіздік ережелері толығымен сақталады. Мұғалімнің «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» белгісі бойынша оқушылар 4 адамнан кезекпен жүгіріп шығады. Тапсырма әр оқушы 3-4 рет қайталап орындағанша жалғасады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- «Сөреге!» белгісі бойынша сөре сызығынан бір табан өлшеп,тірелетін аяғын және итерілетін аяқтың тізесін жерге қояды.- Қолдарын сөре сызығына жақын орналастырады. Тірелетін және итерілетін аяқтардың арасы 10см (өз алақанының көлемі).- Бас денеге қатысты тік ұсталынады. Дене салмағы қолдары және тірелетін аяқтың табаны мен тізесі арасында біркелкі үйлестірілген.- «Дайындал!» белгісі бойынша жүгіруші аяқтарын сәл түзеу ұстайды, итерілетін аяқтың тізесін көтереді.- Дене түзу ұсталынады. Жіліншіктер қатар келген қалыпта жамбас иықтан жоғары деңгейге 10-20 см көтеріледі.Осы тапсырманың дескрипторлары:
- «Жүгір!» белгісі бойынша оқушы тез алға қарай ұмтылады. Бұл қимыл аяқпен екпінді итеру мен қолдардың жылдам серпілуінен басталады. Итерілу екі аяқпен бір уақытта жасалады.
- Итерілетін аяқ сәл ғана жазылады да жамбаспен алға тез қозғалады, сонымен қатар алдыңғы аяқ барлық буындарда кенет жазылады;- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады.Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0 Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_deteyНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру