Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 95 сабақ.


8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу.

Сабақтың тақырыбы:

Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері :

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін біледі, нормалар мен ережелерін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Жеңіл атлетика сабақтарының қауіпсіздік ережелері:

Жеңіл атлетикаға жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары жататыны белгілі. Жеңіл атлетика сабағында төмендегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

1. Қысқа қашықтыққа тек өз жолыңмен жүгіруің керек. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды.

2. Жалпы жеңіл атлетикамен шұғылданған кезде өкшесіз резеңке табанды аяқ киім кию керек.

3. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу қажет.

4. Лақтырылған допты, найзаны, дискті, ядроны қағып алуға болмайды және оларды лақтырар кезде жерге түсіп кету жағдайынан сақтану керек.

5. Спорт құралдарын (гранат, диск, найза т.б.) лақтырғанда лақтыру бағытында тұруға болмайды.

6. Жүгіретін, секіретін, лақтыратын алаңды көлденең кесіп өтуге болмайды.

7. Лақтырушының жанында тұруға және құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

8. Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатып алу керек.

9. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күрек т.б. шаруашылық жабдықтардың үшкір жағын төмен қаратып қою қажет.

Тапсырма

Білім алушылар екі командаға бөлінеді. Ойын эстафета ретінде өтеді. Белгі бойынша алғашқы тұрған ойыншылар бір аяқта белгіленген кедергілерге (конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық және т.б.) секіріп барып, үстінен бір орыннан секіру әдісін қолданып секіреді. Фишкаларды айналып өтіп, жүгіріп артқа қайтады да, келесі ойыншының алақанына өзінің алақанын тигізу арқылы эстафетаны береді де, өз командасының соңына барып тұрады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз болады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s

https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу