Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 97 сабақ.


8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Оқу мақсаты:

6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну.

Сабақтың тақырыбы:

Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.

Бағалау критерийлері :

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету

дұрыс тыныс алу мен жүгіру техникасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

Тапсырма

Сынып оқушылары екі командаға бөлінеді. Командалар А және В сөре сызықтарының сыртына тізбекке тұрады. А және В сөре сызықтары, С-мәре сызығынан 10 м қашықтықта орналасады. Белгі бойынша командалардың бірінші номерлері бір уақытта сөреден шығып, С мәре сызығына жүгіреді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысы талданады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;

- Ойын кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;

- Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады.

Тапсырма

Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Сынып үш топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына бір ойыншыдан ораналасып, тізбектер құрады. Алаңның бұрыштарына төрт бұрышына жалауша, ал ортасында үлкен жалау қойылады. Әр топтап сөре сызығына бір оқушы шығады. Белгі бойынша жүгірушілер төрт туды жүгіріп өтіп, ортадағы жалауға қарай бағыт алады. Ортаға жеткенде жүгірушілер үлкен жалауға эстафеталық таяқшаларын тигізеді. Одан кейін ойыншылар өз топтарына қарай жүгіріп, эстафеталық таяқшаларын бастапқы позицияда тұрған екінші нөмірлі оқушыға тапсырады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;

- Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады;

- Дұрыс тыныс алады;

- Бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;

- Алыс қашықтыққа жүгіруге арналған қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s

https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI

Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу