Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 97 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №97 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту.

Оқу мақсаттары

6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.

Бағалау критерийлері

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

 

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу
  • сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?
  • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
  • Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін жүгіру жаттығуларын орындап, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(С, Ж,ҚБ) Сынып оқушылары бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ сөре сызығынан әр түрлі арақашықтықта барлық жүгіру учаскесі бойынша бес конус қойылады. Оқушылар жүгіретін кез келген конусты таңдап, оған дейінгі және кері қарай жүгіру қанша уақыт алатынын есептейді. Содан кейін олар арақашықтықты жүгіріп, есептік және нақты уақытты салыстырады. Олар әр ретте келесі конусты таңдап, осы үдерісті бес рет қайталайды. Осыдан кейін оқушылар барлық бес конусқа дейін тоқтаусыз жүгіру қанша уақыт алатынын есептейді және содан кейін талап етілетін нақты уақытпен салыстырады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;
  • Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады;
  • берілген арақашықтықты жүгіріп өтеді;
  • жүгіру уақытын есептейді.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Оқушылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

(Т, Ж, ҚБ) «Жүгіріп өту» ойыны өткізіледі. Ол үшін алаңның қарама-қарсы жақтарына сызықтармен аралары 10-20м қашықтықта екі «үй» белгіленеді. Қатысушылар екі топқа тең бөлініп, «үйлерде» орналасады. Алаңның ортасында «жүргізуші» тұрады. Ойыншылар бір үйден екіншісіне жүгіріп өту керек. «Жүргізуші» оларды өткізбей, жугірушілерге қолын тигізуге тырысады. «Жүргізуші» қолы тиген ойыншы ойыннан шығады. Ойын келісім бойынша бірнеше рет өткізіледі. Ойынның соңында қай команданың ойыншылары көп қалса, сол команда жеңіске жетеді. Оқушыларға осыған ұқсас басқа тапсырмаларды кіші топтарда жасап, өткізуді ұсынамын.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
  • Ойын кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;
  • Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Берілген тапсырма кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор, секунд өлшегіш.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ

/4-1-0-126

https://www.youtube.

com/watch?v=s2iFz4

CD_7s

https://www.youtube.

com/watch?v=WAX97

LbQfYI

Жаңадан бастаушылар үшін жүгіру әліпбиі интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c&ebc=ANyPxKpwxV-KBDzZU_DP6yNSymprgUizMn952t4KJtzdVs_b6eEVNMpjOK_zK3GLC0W2lJwreanz93UtZtev235

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор.

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі:

http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін барлық білім алушылар түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсынады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдану және оны шешудің балама жолдарын ұсыну кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу