Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 95 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №95 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту.

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін біледі, нормалар мен ережелерін түсінеді

Тілдік мақсаттар

 

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу
  • сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?
  • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
  • Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар екі командаға бөлінеді. Ойын эстафета ретінде өтеді. Белгі бойынша алғашқы тұрған ойыншылар бір аяқта белгіленген кедергілерге (конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық және т.б.) секіріп барып, үстінен бір орыннан секіру әдісін қолданып секіреді. Фишкаларды айналып өтіп, жүгіріп артқа қайтады да, келесі ойыншының алақанына өзінің алақанын тигізу арқылы эстафетаны береді де, өз командасының соңына барып тұрады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз болады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Берілген тапсырма кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ

/4-1-0-126

https://www.youtube.

com/watch?v=s2iFz4

CD_7s

https://www.youtube.

com/watch?v=WAX97

LbQfYI

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық, фишкалар, бор.

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын барлық білім алушылар түсінеді деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін мысалдар келтіру арқылы түсіндіруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу