Өз ойындарын қайта қарау және көрсету. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 92 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы: Өз ойындарын қайта қарау және көрсету.

Оқу мақсаты: 6.2.8.1. Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре білу

Сабақтың мақсаты: Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді және олардың айырмашылықтарын түсіндіру

Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар футболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.
  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.
  • Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.
  • Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
  • Футбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Футбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сезіне білу;

Бір –бірін итермеу.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі.

  • Допты кедергілер арасымен алып жүру, келесі серіктесіне пас беру.
  • Серіктесіне пас беру және серіктесінен допты қабылдау.
  • Допты табанның ішкі жағымен серіктесіне беру.
  • Допты табанның сыртқы жақ қырымен серіктесіне беру.
  • Допты аяқтың ұшымен серіктесіне беру.
  • Аяқтың ішкі қырымен алып жүру.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырмалар беріледі. «Допты капитанға беру». Ойынға екі топ қатысады. Әрқайсысы өз капитанын таңдайды да, футбол добын алып, оған тиесілі алаңның бір бөлігіне, созылған қолдың қашықтығында және ортаға қолына доп ұстаған капитанды қойып, шеңберге тұрады. Белгі бойынша екі топтың капитандары, кезек-кезекпен, өз шеңберінің әр ойыншысына доптарды футбол әдістерімен (ары-бері бағытта) бере бастайды. Ойын барысында қандай да бір техникалық қателік салдарынан доп кетіп қалса, онда қателік жіберген ойыншы допты орнына қайтарады да, ойын жалғасады.

Оқыту барысында:

Қадаммен арқамен. Қабырғаға тұру. 1,5 м қашықтыққа алдына доп қояды. Қадам жасап допты өкше арқылы қабырғаға соққылайды.

Жүгірумен. Түзу сызық бойына әр 3-4 қадам сайын 5-6 доптан қояды. Әрі қарай жүгірумен әр допқа өкше арқылы соққы береді. Басында жүгіру, жаймен басталып жаймен жеделдейді.

Екулеп. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Бір-бірінен 5-6метр қашықтықта орналасады. Допқа ие әріптес допқа өкшесі арқылы соққы беріп, арттағы әріптестеріне береді. Осылайша әрқайсысы 15-20 соққыдан береді.

Домаланған доппен. Екі ойыншы бірінен соң бірі тұрады. Біріншісі допты жаймен алға домалатады. Артқысы допқа қуып жетіп, онымен соққы беру арқылы кері қайтарды. 4-5 ұмтылыстан кейін орын алмасады.

Өкшемен көздеу. Екі бағанмен 1 м ендікте қақпа құрылады. Екі ойыншы екі жақтан орын алады. Олар кезекпен өкше арқылы қақпаға доп соғады. Қақпамен қашықтық 6-7 м.

Қуып жет те ал. Қос-қостан ойналады. Біреуі доппен алда қозғалыста, ал әріптесі оның соңынан 5-6 қадамда аеледі. Алдыңғысы допты өкшемен артқа бағыттайды, артындағысы допты қағып, алға түседі де, оны қайталайды.

  Бұл қабылдауды орындау барысында көбінесе кететін қателіктер де кездеседі. Бұл қабылдауды үйренуде бұл қабырғаға допты өкшемен беру арқылы жаттығу керек.

  Бөлшектелген соққы деп, доп ұшып бара жатып өз өсімін айналуын айтады. Былайша жасау үшін допты доптың ортасынан емес, жерге қойып бір жағынан соққы беру керек.

  Аяқ өрінің ішкі жағымен бөлшек соққы беру. Бұл кәдімгі соққы берумен бірдей, айырмашылығы доптың ортасынан емес,жанынан соққы беріледі. Доп өз өсінде қатты айналған сайын оның доғасы да көбірек болады. 

  Оқыту барысында:

  1.Бір-біріне. Жаттығушылар қос-қостан жаттығады. Олар бір-бірінен 12-14 м қашықтықта тұрып, бір-біріне аталған түрде доп беріп отырады.

  2.Қақпа арқылы. Бағаналардан 2м кеңдікте қақпа құрылады. Екі ойыншы қақпаның екі жағына 10м қашықтықта орналасады. Ойыншылар допты бір-біріне бағыттап кезекпен қақпаны соғады.

  3. Домаланған доппен. Жаттығуда үш ойыншы қатысады. Біреуі қақпаға орналасады, екіншісі қақпа жанына, үшіншісі екінші ойыншы берген допқа соққы беріп қақпаға бағыттайды. Әріптестер орын алмасып ойнайды.

  4.Бағана арқылы. Соққы сызығынан 17-18м қашықтықта 2,5 диаметрлі шеңбер сызылады. Соққы сызығы мен шеңбер арасына бағана қойылады. Ойшылар алдымен қимылсыз тұрған допқа соққы береді, онан соң домаланған допқа соққы беріп, шеңберді көздейді.

  5.Флангтан беру. Алаңда бір шетінен соққы беру нүктесі белгіленеді. Айып алаңының 11метрлік аумағында диаметірі 5метр болатын шеңбер сызылады. Шеңберге түсіру үшін допқа 10соққы беріледі. Мұнда 5 соққы аяқ өрінің ішкі жағымен, ал 5 соққы сырқы жағымен.

   Бастауыш футболшыларға бұл қабылдауларды оқытуда, олардың көбінесе жіберілген қателігі допты дәл ортасынан соққы бермейді, ауытқиды. Бұл кемшілікті жою үшін допқа соққы беріп, қабырғаға ұру жаттығуын жасау керек.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Қимыл-қозғалысқа арналған ойындарhttp://www.igraza.ru/page-3-1-8.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ Допты қақпаға тебу техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=97QETf8tgCM https://www.youtube.com/watch?v=QtsCSd8N0L0 https://www.youtube.com/watch?v=ourzONt2H7k Допқа ие болу техникасы: https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/ Футбол ойнының техникасыhttp://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=533



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу