![]() |
|
![]() |
Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 84 сабақ.
7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту
Оқу мақсаты:
6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау
Сабақтың тақырыбы:
Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.
Сабақтың мақсаттары:
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындауды үйрету.Бағалау критерийлері :
Ойын кезінде түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды.
Тілдік мақсаттар
Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• пас, допты беру• үйлесімдік, реттілік• дәлділік, соққыТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?• Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.
(С, ҚБ) Тапсырма
«Дәл соққы». Ойыншылар 10—12 м қашықтықта, қабырғада белгіленген нысанаға (диаметрі 1 м шеібер) допты тигізу мақсатында, оны аяқпен ұру әрекетін орындайды. Әр ойыншы өзінің едәуір мықты аяғын пайдаланып, допты 3—5 рет ұрады. Нысанаға көбірек дәл тигізе алған ойыншы жеңімпаз болады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Жаттығуларды орындау кезіндегі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?(С, ҚБ) Тапсырма
1. Әртүрлі кедергілерден өтіп допты алып жүру:
А) Таяқшалардың арасынан жүгіріп өтіп, допты әріптесінен алып қақпаға соғу;
Ә) Арнайы шеңберлерден әртүрлі тәсілмен басып өтіп допты қақпаға енгізу;
Б) Допты әртүрлі кедергілерден айналып өтіп, қақпашыны әртүрлі тәсілдермен алдап допты қақпаға енгізу.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Жаттығуларды орындау кезіндегі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қозғалмалы ойындар. https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2sНазарларыңызға рахмет!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023