Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 79 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері :

Футбол сабағы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

(С, ҚБ) Білім алушылар футболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;

Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.

Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;

Спорт, алаңда орнатылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек.

Футбол ойынында сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері:

1. Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.

2. Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.

4. Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.

5. Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.

6. Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға қажет.

7. Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.

8. Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.

9. Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.

10. Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына байланысты.

(С, Ж, ҚБ) «Допты аяқпен беру». Ойыншылар екі топқа бөлінеді (5-6 адамнан), олардың әрқайсысы арақашықтығы қол созымдай етіп шеңбер құрып тұрады. Сонда 2 шеңбер шығады. Ойыншылар шеңберде тұрып нөмір ретімен саналады. Бірінші нөмірлер өздерінің шеңберінің ортасына тұрады да, алдарына допты қояды. Шеңбер бойымен тұрғандар өз орындарын сызықпен немесе дөңгелектермен белгілеуге болады. Ортақ белгі бойынша ортада тұрған білім алушылар допты аяқтарымен екінші нөмірлерге беріп, олардан қайта дәл солай алады да, үшіншілерге береді. Олардан пас алғаннан кейін допты төртінші нөмірлерге береді және әрі қарай т.с.с.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Футбол доптары, фишкалар, конустар.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Футбол элементтері бар қозғалмалы ойындар ғаламтор ресурстарына сілтеме:

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

https://www.maam.ru/detskijsad/kartoteka-podvizhnyh-igr-i-uprazhnenii-s-yelementami-sportivnoi-igry-futbol.html

Допты беру https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу