Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 83 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету.

Бағалау критерийлері :

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

(С, ҚБ) Тапсырма

1. Допты орнында тұрып әртүрлі тәсілдермен әріптесіне беруді дамыту:

А) Допты аяқтың ішкі жағымен беру

2. Допты қозғалыста әріптесіне беруді дамыту.

А) Допты жүгіріп келе жатып бір ғана соққымен әріптесіне беру;

Ә) Екі қатар бір-біріне қарама-қарсы тұрып допты қарама-қарсы әріптесіне айналмалы түрде беру.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

(С, ҚБ) Тапсырма

«Шабуылдаушы үштіктер». Ойыншылар күші бойынша тең 3 үштікке (төрттікке) бөлінеді. Қақпашылар рөлдерін ауыстырмайды. Топтардың бірі жеңілдетілген (воллейбол) допты алады да, алаңның ортасына тұрады. Қалған екі топ қарама-қарсы орналасқан, А және Б қақпаларының алдына орналасады. Белгі бойынша қолдарында доп ұстаған үштік, қалған екі топтың біреуісімен қорғалып тұрған, А қақпасына шабуыл жасауды бастайды. Ойыншылар гол салған жағдайда (екі ұпай беріледі) немесе доп соққыдан кейін қақпаға тиген кезде (қақпашы допты ұстап алды, онда топқа бір ұпай беріледі), онда топ шабуылды қайта жасайды, бірақ ендігі кезде шабуыл басқа топ ойыншыларымен қорғалып тұрған екінші, Б қақпасына жасалынады. Қорғалушы топтың біреуісі допты ұстап алғанға дейін немесе доп қақпаның жанымен өтіп кеткенге дейін ойын осындай қалыппен жалғаса береді. Ондай жағдайда сол топ шабуылшыға айналады, ал шабылдаушы топ қақпаны қорғайды. Берілген уақытта көбірек ұпай санын жинаған топ жеңімпаз атанады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Ғаламтор ресурстарына сілтеме:

Қозғалмалы ойындар.

https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу