Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 59 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №59 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар

Оқу мақсаттары

6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу.

Сабақ мақсаттары

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қандай дағдылар қажет?
  • Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі реттілік қандай?
  • Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?
  • Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Пәндік-коммуникативтік жағдаяттар арқылы коммуникативтік дағдыны дамыту.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-5мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

6-22 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.

, Т, ҚБ) Сыныпты топқа бөліп. Әр топ жасанды кедергілерді құрастырып эстафета өткізеді.

Білім алушылар басқа команданың құрастырған жасанды кедергілерінен өтеді. Олардың жолдарында қандай кедергілердің болғанын және олардан қалай өткендерін талқылайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі;
  • Тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қандай дағдылар қажет? Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі реттілік қандай?

(С, Ж, ҚБ) Әр команданың білім алушылары екі қарама-қарсы тізбекке бөлінеді. Бір тізбектің бірінші ойыншылары сөреден эстафеталық таяқшаны қолына алып, қарама-қарсы жақтағы командасының жартысына қарай жүгіріп, оларды айналып өтіп, тізбектің алдына келіп, эстафетаны алда тұрған ойыншыға береді. Ал ол болса қарама-қарсы жақта тұрған тізбекті айналып өтіп, алда тұрған ойыншыға эстафетаны береді және с.с.

Эстафетаны тез аяқтаған немесе айып ұпайлары аз команда жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі;
  • Тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сұраңыз: Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қандай дағдылар қажет? Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі реттілік қандай?

Үлкен бос кеңістік.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh

Үлкен бос кеңістік.

Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар.

Шеңбер, секіртпе, конустар.

Физикалық жаттығудың адам ағзасына әсері:

http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka

Үлкен бос кеңістік.

Эстафеталық жүгіріс интернет ресурстарына сілтеме:

http://kakbegat.com/25-jestafetnyj-beg.html

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті барлық білім алушылар таңдай біледі деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушылар арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдауда сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу