Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 23 сабақ.


2-бөлім Командалық спорттық ойындар

Оқу мақсаты:

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақтың тақырыбы:

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Сабақтың мақсаттары:

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтауға және қолдана білуге үйрету

Бағалау критерийлері :

Баскетбол ойынындағы көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана біледі.

Дескрипторлар:

Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Баскетбол ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады;

Баскетбол ойынында команда құрамында жұмыс істей біледі.

Тілдік мақсаттар

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру

- тактика, мәселені шешу

- қауіпсіздік

- рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:

1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).

Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте

мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

· Допты салмағына сәйкес таңдау.

· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.

Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;

«финтті» қолдана білу;

Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бірбірін итермеу.

1-ші тапсырма:

(Т, Ж, ҚБ) «Екі доппен баскетбол ойнау». Ойын баскетбол алаңында жүргізіледі. 6-10 адамнан тұратын екі топ ойынға қатысады. Ойын баскетбол ережелеріне сәйкес, екі доптың көмегімен жүргізіледі. Допты қарсыластың қақпасына салу мақсатында, әр ойыншы екі доптың кез келгеніне күресе алады. Доп себетке салынғаннан кейін, ол себеттің астынан ойын алаңына лақтырылады. Допты себетке көбірек салған топ жеңеді.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Әріптестерімен жақсы әрекеттеседі;

- Көшбасшылық дағдыларды қолданады.

Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Көздеріңіз жұмулы кезде сіздер не сезіндіңіздер?Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

2-ші тапсырма: (Т, Ж, ҚБ) «Қалқан алдындағы жекпе-жек». Сынып екі топқа бөлінеді. Топтар баскетбол алаңының ортаңғы сызығының алдына бір-бірден тұрып тізбек құрай орналасады және рет-ретімен саналады. Тізбектер арасындағы арақашықтық 2-3 м. Мұғалім қалқанға баскетбол добын лақтырады да, ойыншылардың кез келген реттік нөмірін атайды. Екі топтың аталған нөмірлі ойыншылары саптан шығады да, әрқайсысы қарсыласынан бұрын допты иеленуге тырысып, қалқанға қарай ұмтылады. Допты иеленген ойыншы өз тобына ұпай қосып, өз тізбегінің бағыттаушысына алыс қашықтықтан допты лақтырады.

Бағыттаушы допты қабылдап, оны екі қолымен тізбек бойынша артқа қарай береді. Доп тізбектегі соңғы ойыншыға қолдан қолға жеткізілгеннен кейін, ол екі қолымен допты жоғары көтереді. Қалқан алдындағы жекпе-жекте жеңіліс тапқан ойыншы, тізбектегі өз орнына қарсылас топтың ойыншылары допты қолдан қолға беріп бітірмегенге дейін жету мақсатында, қосалқы адымдармен тізбегіне қарай ұмтылады. Қосалқы адымдармен жүгіріп келе жатқан ойыншы өз орнына қарсылас топтың соңғы ойыншысына доп жетпей тұрып келсе, онда оның тобына бір ұпай беріледі. Ол өз орнына доптан бұрын жетпеген жағдайда, қарсыластар тобы тағы бір ұпай алады. Көбірек ұпай санын жинаған топ ойынның жеңімпазы болады.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орыдау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Баскетбол элементтері бар ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме: https://world-sport.org/games/basketball/tactics/

Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту әдістері интернет ресурсына сілтеме:

http://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/7473-basketboldyng-tehnikalyq-tasilderin-oqytu-adisteri-diplom-zhumysy.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу