Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 24 сабақ.


2-бөлім Командалық спорттық ойындар

Оқу мақсаты:

6.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу

Сабақтың тақырыбы:

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Сабақтың мақсаттары:

Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтауға және қолдана білуге үйрету

Бағалау критерийлері :

Баскетбол ойынындағы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтай және қолдана біледі.

Дескрипторлар:

Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру

- тактика, мәселені шешу

- қауіпсіздік

- рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:

1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).

Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте

мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

· Допты салмағына сәйкес таңдау.

· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.

Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;

«финтті» қолдана білу;

Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бірбірін итермеу.

1-ші тапсырма:

(С, Тәж., ҚБ) Алаңның бір жағында 5-7 ойыншыдан екі команда жарысады. Қарсы тұру ұзақтығы – 5-10 минут. Доп «даулы доп» кезіндегідей айып добын лақтыруы сызығында қарама-қарсы командалардың кез келген екі ойыншысы арасына лақтыру арқылы ойынға енгізіледі. Допты иеленген команда әріптестер арасында беру және допсыз қозғалуды пайдаланып, оны барынша ұзағырақ ұстап қалуға ұмтылады. Қарсыластар допты қағып әкетуге тырысып, оны ойнатуға белсенді қарсы әрекет көрсетеді. Ойынның мақсаты – 24 с ішінде допты ұстап қалу және қарсыластарға оны иеленіп алуға жол бермеу. Жеңімпаздарды анықтау. Көбірек ұпайлар санын жинаған команда жеңіске жетеді.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Ойыншылармен жақсы әрекеттеседі;

- Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады.

Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

2-ші тапсырма: (Т, Ж, ҚБ) (Т, Ж, ҚБ) Қатысушылар 2-3 қатарға тұрады. Әр қатардың алдына капитандары 2-4м ара қашықтықта қолында добымен тұрады. Белгі берісімен капитандар допты кеуде тұсынан екі қолмен немесе (бір қолмен иық деңгейінен) Қатар алдында тұрған ойыншыға лақтырып береді. Алдында тұрған қатысушы допты ұстап, капитанға қайтарып жылдам отырады да, екінші қатысушыға допты береді, сөйтіп ойын жалғаса береді. Соңғы ойыншы допты капитанға бере салысымен капитан допты жоғары көтерісімен барлық қатысушылар орнынан жылдам тұрады. Ойынды бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орыдау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

Көшбасшылыққа арналған ойындарға сілтеме: http://summercamp.ru/index.php?title=%D0%98%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%BD%D0%B0_%D0%BB%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE

Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту әдістері интернет ресурсына сілтеме:

http://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/7473-basketboldyng-tehnikalyq-tasilderin-oqytu-adisteri-diplom-zhumysy.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу