Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 23 сабақ.


2-бөлім Командалық спорттық ойындар

Оқу мақсаты:

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақтың тақырыбы:

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Сабақтың мақсаттары:

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтауға және қолдана білуге үйрету

Бағалау критерийлері :

Баскетбол ойынындағы көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана біледі.

Дескрипторлар:

Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Баскетбол ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады;

Баскетбол ойынында команда құрамында жұмыс істей біледі.

Тілдік мақсаттар

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру

- тактика, мәселені шешу

- қауіпсіздік

- рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:

1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).

Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте

мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

· Допты салмағына сәйкес таңдау.

· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.

Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;

«финтті» қолдана білу;

Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бірбірін итермеу.

1-ші тапсырма:

(Т, Ж, ҚБ) «Жиырма». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ойын әр топтың ішінде жеке өткізіледі және дара сипатқа ие болады. Әр ойыншы үш рет, бірінен соң бірі жүзеге асатын, допты себетке лақтыру әрекетін жасай алады. Біріншісі айып доп салу сызығының алдында тұрып жасалынады. Допты лақтырғаннан кейін жүгіріп барып, оны түспей тұрған кезінде ұстап, екінші рет лақтыру керек. Допты үшінші рет лақтыру да осындай қалыпта жасалынады. Бірінші немесе екінші лақтырудан кейін допты түспей тұрған кезінде ұстай алмаған ойыншығд келесі лақтыру жасау мүмкіндігі болмайды. Допты себетке үш рет салған ойыншыға оны тағы үш рет лақтыруға рұқсат беріледі. Ойыншы біріншіі рет мүлт кеткенге дейін осылай жалғаса береді. Барлық ойыншылар допты кезек-кезекпен лақтырады. Бірінші болып 20 ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Әріптестерімен жақсы әрекеттеседі;

- Көшбасшылық дағдыларды қолданады.

Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Көздеріңіз жұмулы кезде сіздер не сезіндіңіздер?Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

2-ші тапсырма: (Т, Ж, ҚБ) «2х2 ойыны». Ойын баскетбол ережелеріне сәйкес, бір себет арқылы жүргізіледі. Мақсат - допты қарсыластың себетіне салу. Өз себетін қорғайтын топтың ойыншыларына үшсекундты аймақта белсенді түрде қарсыласып әрекет жасауға рұқсат беріледі. Шабуыл жасайтын топтың ойыншыларына, екі адым жасағаннан кейін, допты үшсекундты аймақтың ішінен де, сыртынан да лақтыруға рұқсат етіледі. Допты алу әрекетін оны лақтырмаған ойыншы жүзеге асыра алады, бірақ ол ойыншы допты қайта лақтыра алмайды (доп себетке тимеген жағдайда). Допты алғаннан кейін ойыншы аймақтан шығуы тиіс. Көп ұпай санын жинаған топ жеңімпаз болады.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орыдау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Баскетбол элементтері бар ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме: https://world-sport.org/games/basketball/tactics/

Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту әдістері интернет ресурсына сілтеме:

http://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/7473-basketboldyng-tehnikalyq-tasilderin-oqytu-adisteri-diplom-zhumysy.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу