Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 19 сабақ.


 Бекітемін__________________________

 __________________________

 

 Дене шынықтыру сабағының №19 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Командалық спорттық ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану

Оқу мақсаттары

6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құруға және орындауға үйрету

Бағалау критерийлері

Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құра және орындай біледі.

Дескрипторлар

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • лақтыру, қағып алу, допты алып жүру
  • тактика, мәселе, мәселені шешу
  • қауіпсіздік
  • рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
  • Баскетболдағы дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсіндіріңіз?
  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі.

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

(Т, К, ҚБ) Бүйір тосқауыл. №2 ойыншы қалқанға арқасымен тұрған №1 ойыншыға допты береді. Одан кейін ол жүгіріп шығып №1 қарсыласының бүйір жағына тұрады. Бұл әрекет әріптесіне сол жаққа бұрылыс жасап, қарсыласын айналып өтіп, қалқанның астына өтіп, допты торға тастауға мүмкіндік береді. Тосқауылдың бұл түрі – келісілген әрекет жасауды қажет ететін, ең тиімді әдістің бірі. Бұл тосқауыл қарсыласты 0,5 м қашықтықта ұстаған жағдайда сәтті орындалады, ал егер қарсыласты ұстау арақашықтығы 1м және одан көп болса, бұл әдісдің тиімділігі төмендейді. Егер №1 ойыншы допты алып, тосқауыл қойылғаннан бұрын қозғалысын бастаса да тиімділігі төмендейді.

  • Осы тапсырманың дескрипторлары:
  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін орындайды;
  • Әріптестерімен жақсы әрекеттеседі.

Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

(ЖЖ, Ж, ҚБ) Жұпта оқушылар өткен сабақтарда үйренген өздерінің жаттығуларын жоспарлап құрастырады. Бұл жаттығу кем дегенде екі физикалық сапасын және физикалық жағдайын дамытады.

  • Осы тапсырманың дескрипторлары:
  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме:

https://world-sport.org/games/basketball/tactics/

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін- бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігі.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін барлық білім алушылар түсінеді және қолданады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу