Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 20 сабақ.


2-бөлім Командалық спорттық ойындар

Оқу мақсаты:

6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақтың тақырыбы:

Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану

Сабақтың мақсаттары:

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құруға және орындауға үйрету

Бағалау критерийлері :

Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құра және орындай біледі.

Дескрипторлар:

Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін орындайды;

Тосқауыл қою кезінде әріптестерімен жақсы әрекеттеседі.

Тілдік мақсаттар

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру

- тактика, мәселені шешу

- қауіпсіздік

- рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші тапсырма:

(Т, К, ҚБ) Допсыз ойыншыға тосқауыл қою. Ойыншы допты алған кезде қарсыластар добын тартып алуға тырысады. Ал егер де допсыз ойыншыға тосқауыл қойылатын болса, онда тіпті басқа жағдай орыналады. Бұл тосқауыл түрін алаңның алдыңғы аймақтарының кез келген бөлігінде қолдануға болады. №3 ойыншы №1 ойыншыға бүйір немесе артқы тосқауыл қояды, №1 ойыншы өз қарсыласынан алшақтап, айып добын орындау аймағына енген кезде №2 ойыншы допты береді. Допты алған №1 ойыншы допты торға лақтырады немесе қалқанға жақынырақ келе алады. Бұл комбинацияны жақсылап орындау үшін ойыншылардың бірнеше қайталап дайындалғандығы және өзара келісушіліктерін қажет етеді. Егер ондай болмағанда доптан айырылып қалуға болады. Бұл тосқауыл қою комбинациясын допты алаңның шетінен ойынға қосқан кезде де қолдануға болады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін орындайды;

-Тосқауыл қою кезінде әріптестерімен жақсы әрекеттеседі.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

2-ші тапсырма:

(ЖЖ, Ж, ҚБ) Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестіктер әрқайсысы өз қалқанының астынан қорғаныс аймағын құрады. Доп 2-бестікке бетпе-бет ерікті тәртіпте орналасқан 1-бестік ойыншыларында болады. Мұғалімнің белгісі бойынша 1-бестіктің ойыншылары допты торға лақтыруға тырысып, 2-бестіктің қалқанын шабуылдайды.

2-бестіктің ойыншылары допты қағып әкеткен сәттен бастап, олар тоқтамай, 3-бестіктің қалқанына шабуыл жасайды. Доптан айырылған 1-бестік 2-бестіктің орнында қорғаныс аймағын құрады. Допты иеленген 3-бестік 1-бестікке шабуылды бастайды және т.с.с. Допты лақтырған команда ұпай алады және қорғаныс аймағын құрады, ал ұтылғандар шабуылға шығады. Ойын 10-15 минут жалғасады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Баскетболдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін орындайды

Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:

1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).

Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте

мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

· Допты салмағына сәйкес таңдау.

· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.

Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;

«финтті» қолдана білу;

Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бірбірін итермеу.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме: https://world-sport.org/games/basketball/tactics/

Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту әдістері интернет ресурсына сілтеме:

http://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/7473-basketboldyng-tehnikalyq-tasilderin-oqytu-adisteri-diplom-zhumysy.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу