Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


 Бекітемін__________________________

 __________________________

 

 Дене шынықтыру сабағының №8 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүгіру, секіру реттілігі

Оқу мақсаттары

6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау

Сабақ мақсаттары

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсету

Бағалау критерийлері

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.

Дескрипторлар

  • дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
  • дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;
  • екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;
  • екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру фазаларын дұрыс орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

  •  арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері
  • дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?
  •  Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?
  •  Бір орыннан ұзындыққа секірудің фазаларын қандай?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді.

Ойын алаңының ортасына үлкен шеңбер (диамерті 2-3 м) сызады. Шеңберден, бір-бірінен тең арақашықтықта, 8-10 сызық-сәулелер әр жақтарға таралады. Әр тізбектің ұзындығы — 2,5-3 м. Сәулелердің ұзындығы бірдей болады және әрқайсысының соңында кішкентай шеңбер (диаметрі 15-20 см) құрылады. Бір-бір ойыншы тұрған әрбір кішкентай шеңберге шайба (ағаш шеңбер, жайпақ тас және т.б.) қойылады.

Мұғалімнің белгісі бойынша, ойыншылар, оң аяқта секіріп, өз шайбасын үлкен шеңберге кіргізуге тырысады. Шеңбер шегін секіріп өткеннен кейін, ойыншы екі аяғына тұрып, аз уақыт демала алады. Одан кейін әр ойыншы, енді сол аяқта секіріп, өз тізбегінің шегінде қозғалуға тырысады да, шайбасын кері айдайды. Кішкентай шеңберге бірінші жеткен ойыншы жеңімпаз саналады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
  • Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды.

Сұраңыз: денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін, демді қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

(Т, Ж, ҚБ) Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Секірудің фазалары: екпін алу, итерілу, ұшу, жерге түсу. Осыдан кейін білім алушылар әдісті практика жүзінде орындайды. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар талдау жүргізеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;
  • 10-12 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады. Итерілетін аяқ итерілетін тақтаға табанымен дәл қойылады. Итерілуді аяқтаған кезде, итерілетін аяқ толығымен жазылады;
  • Қолдар иық деңгейіне дейін көтеріліп, серпілетін аяқ тізе буында бүгіліп, алға шығарылады. Итерілгеннен кейін, итерілетін аяқ инерциямен артқа қарай қимыл жасай береді, содан соң секіруші оны тізесімен алға қарай шығарып серпілген аяққа қосады.
  • Басында артқа қарай шалқайған дене иықтарымен аяқтарға қарай алға еңкейтіледі. Екі аяқ тізелерімен кеудеге тартылып, табанның ұштары өзіне қарай тартылып, тобықтар жоғары көтеріледі.
  • Жерге қону кезінде секіруші тізелерін бүгіп, қолдарын алға созып, денесін барынша еңкейтеді және жерге қонғанда артқа қарай құламауға тырысады.

Сұраңыз: Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің фазалары қандай?

Үлкен бос кеңістік.

Бор, ысқырық. шайба (ағаш шеңбер, жайпақ тас және т.б.).

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:

http://okafish.ru/tennis/114_123.htm

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру интернет ресурсына сілтеме: http://www.rosatletika.ru/content/%D0%BF%D1%80%D1%8B%D0%B6%D0%BE%D0%BA-%D0%B2-%D0%B4%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D1%83-%D1%81-%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D0%B0.html

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық білім алушылар екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіре алады және олардың орындалуын көрсете алады деп жоспарлап отырмын.

 

Қабілеті жоғары екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындау кезінде сыныптастарына орындалу жолдары бойынша ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу