Доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қарым-қатынас орнату үшін ойындар.

Ортақ тақырып: Ғарышқа саяхат.

IV-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру.

Оқу мақсаттары

4.2.6.1 белгілі бір тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларды анықтау және құрау.

4.2.4.1 түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелер мен құрылымдық тәсілдерді жасайды және қолдану.

Сабақ мақсаттары

Доппен орындалатын қарым-қатынас ойындарын құрастыру, ережелерін ұстану және композициялық идеяларды дамыту, құрылымдық тәсілдерін ұтымды қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Қарым-қатынас ойындарының тақырыптарын, композициялық идеяларын анықтайды, толықтырады және жаттығуларды құрастыруда көңіл күйлерін білдіреді.
  • Доппен жаттығуларды құрастырғанда орындалу ережелерін ұстанады және құрылымдық тәсілдерін пайдаланады, тиімді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты. Білім алушылар:

  • Ұпайлар, тактика, стратегия, дағдылар.

Пәндік лексика және терминология. Мыналарды қамтиды:

  • Допты жүргізу;
  • Допты беру.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ережелерді неліктен сақтау керек?
  • Топтық ойындарда неліктен адал ойнау керек?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты білім алуға дайын болу.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Бастапқы білім

Бөлім оқушылардың шығармашылық дамуына ықпал етеді және олардың өзін-өзі оқытуға мүмкіндік береді. Осылайша, оқушылар өздері қатысатын ойын жағдайларын игереді, ойлап табады және шығармашылық үдеріс талқылау және өз ойындарын әзірлеу кезінде тәжірибе жасайды.

Жоспарлардағы әрекеттер

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Гимнастикалық таяқшамен жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Таяқшаның екі ұшыннан ұстап жоғары көтеріп оңға, солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 2.Таяқшаны алдыға созып жартылай және толық отыру жаттығулары. Кеудені түзу ұстау. 3. Таяқшаны желкеге, белге қойып оңға, солға бұрылу. Өкшені қозғамау. 4. Таяқшаны жоғары көтеру, төмен еңкейю, қолды алдыға созып отыру, тұру.5. Таяқшадан аттап өтіп, қолды жібермей арқадан айналдырып әкелу.

Арнайы жаттығулар. Қозғалмалы әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді, буындарды қыздыру жаттығуларын қайталату. Жекелей және жұппен жүгіруге аналған арнайы жаттығуларды қайталау.

Үлкен, бос ойын кеңістігі. Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Гимнастикалық таяқшалар, орындықтар.

Сабақтың ортасы

25 минут

(С,Ж,К) Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылар өз топтары арасында төмендегі жайттарды талқылап, ұсыныстар жасау үшін топтарға тапсырма беріліп, уақыт белгіленеді: бірінші топ сабақта орындау үшін таңдалған іс-әрекет түріне байланысты бұлшық еттердің барлық тобына жаттығу жасауы қажет, ал екінші топ сабақтың негізгі бөлігінде дене қозғалыстарынан кейін ағзаны қалпына келутіруге арналған жаттығулар кешенін жасайтын болатын. Сабақ соңында орындаған іс-әрекет түрлерінің нәтижесін және қандай бағытта әлі жаттығу керек екендігін талқылаңыздар. Оқушыларға орындалған жұмыс сапасын бағалауды ұсыну.

,Ж,К,ҚБ) «Допқа тигіз». Ойыншылар екі топқа бөлініп, волейбол алаңындағы қарама-қарсы бүйір сызықтарға сап түзіп тұрады (бір-бірінен шамамен 18-20м арақашықтықта). Алаң ортасына волейбол добы қойылады. Қандай да бір (жеребе бойынша таңдалған) топ ойыншыларына теннис добы немесе басқа да бір шағын доп беріледі. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар волейбол добын қарсылас топқа қарай домалату үшін оған берілген доптарды лақтыра бастайды. Басқа топтың ойыншылары лақтырылған доптарды жинайды және сигнал бойынша волейбол доптарына кері итеру үшін лақтырады. Осылайша, топтар доптарды кезекпен мұғалімнің анықтауы бойынша бірнеше рет лақтырады. Ойын 8-10 минутка созылады. Допты қарсы тұрған топ сызығынан асырып домалатқан топ жеңіске жетеді.

,Т,ҚБ) Сынып екі командаға бөлінеді. Әр командада капитан таңдалады. Ол қарсыласының алаңының соңында белгіленген дөңгелекке тұрады. Бір команданың ойыншылар допты өз капитанына лақтырады, ал басқа команданың ойыншылары оны ұстап алып, өз капитанына береді. Ойынға белгілі бір уақыт беріледі. Допты өз капитанына көп ретін берген команда жеңімпаз болады.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, гимнастикалық маттар, доптар және таяқшалар.

Үлкен бос ойын кеңістігі. Воллейбол және теннис добы, ысқырық, уақыт өлшеуіш, бор, жалаушалар, фишкалары.

Үлкен ойын кеңістігі

баскетбол доптары, бор.

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Доппен жасалатын жаттығулардағы композициялық идеяларды анықтайды және түрлі дене жаттығуларының ережелері мен құрылымдық тәсілдерінің маңыздылығына назар аударады. Білім алушылар таңдаған белгілі қозғалыс әрекеттерін анықтап, оңтайлы және ыңғайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге тапсырма

Түрлі дене жаттығуларын орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қарым-қатынас орнату ойындары бойынша жалпылау. Доппен жасалатын жаттығуларды жүйелей білуге негізделеді. Әр-түрлі қозғалыс әрекеттерінде бірқатар композициялық идеяларды анықтау, мағынасын ашу. Түрлі дене жаттығуларын әзірлеу, орындалуын анықтау, жүйелі көрсету.

Білім алушылардың тақырыптарды, эмоцияларды анықтауға ынталануы. Композициялық идеяларды анықтауда белсенділік таныту. Доппен жаттығуларды құрастыру, орындау. Бірлескен қарым-қатынас ойындары барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар жүргізу.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу, қателерді түзету арқылы әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға, ойынға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, ойынның мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, ойындардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Қарым-қатынас орнату үшін ойындарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Доппен жасалатын жаттығуларға және түрлі дене жаттығуларын орындауға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Доппен бірқатар композициялық идеяларды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу