Қашықтықтан өту тапсырмалары. Дене шынықтыру, 4 сынып, презентация.


V-бөлім: Шаңғы/кросс/ коньки даярлық негіздері

Сабақ тақырыбы: Қашықтықтан өту тапсырмалары.

Оқу мақсаттары:

4.1.5.1 қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасу.

4.1.3.1 қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық туралы түсініктерін көрсететін бірқатар тиімді машықтарды және жүйеліліктерді түсіну және қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Кросстық даярлық негіздері бойынша қашықтықтан өту тапсырмаларында кеңістікте бірқатар іс-қимылдарды қолдану, динамиканы байланыстырып және тиімді машықтарды жүйелендіріп қолдана білу:

Бағалау критерийлері

Кеңістікте бірқатар іс-қимылдардың динамикасы мен байланысын көрсетеді және басқалардың іс-қимылдарының орындалуын салыстырады:

Бірқатар дәл,тиімді дағдылардың реттілігін анықтайды және қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық түсінігін көрсетеді:

Оқудың тілді мақсаттары

Дайындық күйінің құрамдастары (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік);

ширату және қалпына келу техникасы;

дене белсенділігінің қарқындылық деңгейі: төмен, орташа, ширақ;

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері: • Дене жаттығуларымен айналысқанда неге біздің жүрегіміз тезірек соғатындығын түсіндіре аласыз ба?

Жүру, жүгіру денені қыздыру жаттығулары

Аяқтың ұшымен, өкшесімен және ішкі, сыртқы қырымен жүру;

Жартылай, толық отырып жүру;

Қозғалыстар барысында арақашықтықты сақтау;

Дұрыс тыныс алу тәсілдерін қолдану;

Оң, сол бүйірмен тіркеме адыммен қозғалу;

Арқамен алдыға жүгіру;

Тізені көтеріп, аяқты артқа сермей жүгіру;

Оң, сол бүйірмен аяқты қайшылап қозғалу.

Денені қыздыру жаттығулары

Жалпы дамыту жаттығуларының кешенін орындау;

Жүгіруге арналған арнайы жаттығулар

Арнайы аяққа арналған топтама;

Бұлшық еттерге арналған топтама;

Қыздыру жаттығуларының топтамасы;

Созылу, иілу жаттығулар топтамасы:

Қашықтықты жүгіріп өту тапсырмасы

Баяу бір қалыпты қозғалыстар;

Бағыт өзгертіп жүгіру амалдары;

Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру түрлері;

Қарқын өзгертіп жүгіру амалдары;

Дұрыс тыныс алу амалдары;

Төзімділікті шыңдау;

Күшті дұрыс жұмсау тәсілдері:

Кросс дайындығы тапсырмасы

Өз еріктерімен топтарға бөлінеді;

Қашықтықты 9–12 минут жүгіріп, өтуді бастайды;

Жасанды кедергілерден өту тапсырмаларын орындайды;

Қозғалу техникасының элементін көрсетеді;

Сөре және бастапқы ұмтылыс;

Қашықтық бойынша жүгіру;

Мәреге жету;

Қашықтықты өту процесін түсіндіреді және сипаттайды:

«Шеңбер бойынша эстафета»

Оқушылар топтарға бөлінеді, өз кезеңдеріне орналасады;

Кезеңдер қашықтығы – 50-60 метр, Белгі бойынша жүгіруді бастайды ;

Кезекпен эстафеталық таяқшаны беріп отырады;

Мәреге бірінші келген топ жеңіп шығады;

Ағзадағы өзгерістерді талдайды;

Қалыптастырушы бағалау:

Тақырып: Қашықтықтан өту тапсырмалары;

Оқу мақсаты: 4.1.5.1 қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасу.

Бағалау критерийі: Кеңістікте бірқатар іс-қимылдардың динамикасы мен байланысын көрсетеді және басқалардың іс-қимылдарының орындалуын салыстырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.

Тапсырма: Суретте көрсетілген кросстық дайындық және кедергілерден өту тапсырмаларын орында.

Дескриптор: Білім алушы

жүгіру әдістерін ұстанады;

жүгіру әдістерін ұстанады;

жүгіру тапсырмасының жүйелілігін сақтайды;

қашықтықтан өту тапсырмасын белсенді орындайды.

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕРІ БАЙЛАНЫС

ДЕНЕНІ ҚЫЗДЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫН РЕТТІЛІКПЕН, МҰҚИЯТ ОРЫНДАУ;

ЖДЖ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУ;

ЖҮГІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ;

КЕДЕРГІЛЕРДЕН ӨТУ АМАЛДАРЫН ҮЙЛЕСІМДІ КӨРСЕТУ;

КҮШТІ ДҰРЫС ЖҰМСАУ ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ;

ІС-ҚИМЫЛДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН САЛЫСТЫРУ;

ҚАРҚЫН ӨЗГЕРТІП ЖҮГІРУДІ ЖЕТІЛДІРУ:

Назарларыңызға алғысымды білдіремін!!!

Шынықсаң - шымыр боласың!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу