Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 57 сабақ.
№57 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.
Тақырып: Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар.
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар»
Оқу мақсатына жету үшін оқушыларға қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жетуді түсіндіру. Оқушыларға ойналатын ойындардың ережесін түсіндіру. Қауіпсіздікті ескерту.
«Өз жағалауларына» ойынын ойнату.
Ойынға қатысушылар бірнеше топтарға бөлініп (5-6 адамнан) әрқайсысы дөңгелек құрайды. Әрбір шеңбердің түстері әртүрлі болады.
Ойынға барлық қатысушылар, кезекшілерден басқалар, белгі бойынша әр жаққа барып, залда беттерімен қабырғаға қарап тұрады, немесе көздерін жұмады. Осы уақытта кезекшілер шусыз орындарын ауыстырады. Басқарушы: «Барлығың өздеріңнің 9 жалауларына!» - деп бұйрық береді. Ойыншылар көздерін ашады да, өздерінің жалауларына қарай жүгіреді де, кезекшіні ортасына алады. Дөңгелекті ең бірінші құрған топ жеңіске жетеді.
«Үшіншісі артық» ойыны
Дайындық. Ойыншылар үлкен шеңбердің бойына жұптасып тұрады. Яғни, жұптар бір-бірінің алдына қатарласа тұрады. Әр жұптың ара қашықтығы 3-5 метр. Ойын басында бір жұпты таңдап, біреуін «қашқын», біреуін «қуғын» қылып сайлап алады.
Ойын ережесі. Мұғалімнің «баста» деген командасынан кейін «қашқын» шеңберді айналып қос аяқпен қашады. Ал, «қуғыншы» оны қуады. «Қашқын» шаршаған уақытта шеңбер бойында тұрған жұптың алдына келіп тұра қалса, артыңдағы ойыншы «қашқын» болып қашады. Егерде «қуғыншы» да шаршаса, олда осындай әрекет жасайды. «Қуғыншы» «қашқынды» ұстап алса, керісінше бірін-бірі қуады. Ойын барлық жұп қатысқанша жалғасады.
(суретегідей жұптарды орналастыру қажет)
Дискриптр:
1. Белгі берілгенде жүгіреді.
2. Шеңбердің сыртында ойыншылар қос аяқпен жүгіреді
3. Шеңбердің ішінде бір аяқпен секіріп жүгіреді.
Мұғалім әрекеті:
Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды. Оқушылардың қимыл-қозғалыстарының дағдылануын бағалау, бақылау. Оқушылардың қозғалыс координацияларының жетілуіне мақтау, мадақтау сөздер айтып, қызығушылықтарын ояту мен қатар икемділік, ептілік дағдыларын дамыту.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық
доптар
кеглилер
секіртпе
шығыршықтар
секіртпе қапшығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру