Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 56 сабақ.


56 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Тақырып: Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар.

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар»

Оқу мақсатына сай оқушылар екеуден жұптаса жұмыс жасайды, яғни жұпта бірнеше қимылды жаттығуларды белсенді орындаулары тиіс. Жұпта мұғалім айтып отыратын тапсырмаларды орындап көрсетулері қажет.

  • Жұптар бір-біріне қарама қарсы тұрып, екі қолмен бір-бірінің қолдарынан ұстап, қолдарын ажыратпай оң және сол жаққа қарай 360 градуска айналулары қажет.

  • Жұптар бір-бірінің иықтарынан тіреп ұстап, бір-бірінің оң және сол аяқтарын басуы иіс. Жаттығуды кезекпен орындау. Біреуі басуға тырықанда келесі ойыншы бастыртпауға тырысу керек.

Жаттығуда мұқият ережемен ойнау.

  • Жұптар белгілі бір сызықта тұрады және оң, сол қолымен тартысып ойнайды. Бір қолмен тартысқанда күшпен барынша тартысады және қолдарын жіберіп қалуға болмайды.
  • Жұпта оқушылар бір-бірінің иықтарынан мықтап ұстап, бі-бірін итеріп күш сынасады. Жаттығуды мұқият орындау.

Бұл тапсырмаларды орындауда белгілі бір темп болуы керек. Оқушыларға түсіндіру барысында тапсырманың орындалуын көрсету.

Тапсырманы орындауда жұптарда күш, ептілік, икемділік дағдыларын жетілдіруде іс-ңрекет орын алуы керек. Оқушылардан сұраңыз осы жаттығуларды орындағанда қандай кедергілер кездесті? Ашық сұрақ-жауап жүргізіңіз. Тапсырманы мұқият орындаған жұптарды атап өтіңіз.

Топтық жұмыс.

Мақсаты: ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсініп, көшбасшылық дағдылары жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.

«Командамен жүгіру» ойыны

Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, 2 колонна болып сап түзейді. Колонналар бір-біріне параллель, аралары 2-4 қадамнан және беттері бір жаққа қарай тұрады. Колонналардың алдынан сөре сызығы сызылады. Арақашықтығы 15-20 м. жерге бағана, немесе басқа нәрсе қойылады. Колоннадағы әрбір ойыншы өзінің алдындағы ойыншыны белінен құшақтап ұстап тұрады. Ойынды баяндау. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар колонналарымен бағанаға дейін жүгіреді, оны айналып, қайтадан кері оралып, сызықтан жүгіріп өтеді. Жүгіргенде бөлінбей және бірінші келген команда жеңімпаз команда болып тапады.

Ережесі.

1. Белгі берілгенде жүгіреді.

2. Кімде-кім қолын жіберіп алса, онда алдагы ойьншыны қуып жетіп, қайтадан беліненұүстап жүгіруі керек.

3. Колоннада тұрғандар түгелдей бағананы айналуы керек.

Мұғалім әрекеті:

Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық

доптар

кеглилер

секіртпе

шығыршықтар

секіртпе қапшығы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу