Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Дидактикалық материал4

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 Секіртпемен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

  • Б.қ. - екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады.
  • 1 - секіртпені керіп, қолды алға созу. 2 - жоғары көтеру. 3 - қолды алға созу.   4 – б. қ-қа

келу. (6-8 рет орындау).

 2. Б.қ. - аяқ иық деңгейінде, секіртпені желке тұсында ұстап тұру. 1-3 оңға бұрылу.   4 б.қ.-қа келу. Осылайша сол жақпен орындау. Әр жаққа 5-6 реттен.

 3. Б.қ. - аяқты сәл алшақ қойып тұрып, секіртпенің екі шетінен ұстап, қолды арқа жақта ұстау. 1-2 - алға қарай еңкею, артқа шалқаю, қолды артқа созу, жоғары көтеру; басты тура ұстау. 3–4 - б.қ.-қа келу. (6 рет)

 4. Б.қ. - негізгі тұрыс, секіртпенің екі ұшынан керіп ұстап, қолды төмен. 1 - тізені екі жаққа аша сәл отыру, қолды жоғары көтеру; 2 - б.қ.-қа келу. (6 рет).

 5. Б.қ. – етпетінен жату, секіртпені екі ұшынан керіп, бастан жоғары ұстау.    1-3 - артқа қарай шалқайып, секіртпені жоғары көтеру; 

 4 - б.қ.-қа келу. (5-6 рет).

 6. Б.қ. – аяқты алға созып отыру, секіртпені желке тұсында ұстау; 1 - алға еңкею, секіртпені аяқтың ұшына тигізу; 2 - б.қ.-қа келу. Еңкейген сәтте демді ішке тартып, аяқты созғанда демді шығару. (6 реттен орындау).

 7. Б.қ. - қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1 - қолды, аяқты жоғары көтеріп, аяқтың ұшын секіртпеге тигізу; 2 - б.қ.-қа келу. (6-8 реттен орындау).

 8. Б.қ. - қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1 - қолды жоғары созу, аяқты жоғары көтеріп, аяқты секіртпенің ар жағына өткізу. 3 - б.қ.-қа келу. (6-8 рет).

  9. Б.қ. - негізгі тұрыс; екі бүктеулі секіртпені төмен ұстап тұру; 1-2 - қолды жоғары көтеріп, секіртпені арқаға түсіру. 3-4 - б.қ.-қа келу. (6 рет).

10. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, секіртпені екі бүктеп ұстап тұру. Секіртпені еденге параллель түрде айналдырып, секіртпе арқылы оң (сол) аяқпен кезек-кезек секіру. (5-6 рет орындау).

  • Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

 Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

 Секіруге арналған шұңқыр 20-40 см тереңдікте құм топырақпен толтырулы болуы керек. Секірер алдында секіретін шұңқырдағы құм топырақ қопсытылған болуы керек, күректер, тырмауыштар және басқа бөтен заттарды алып тасталуы керек.

Секіру техникасы оқу бағдарламасына сәйкес және оқушының аяғымен түсуін қамтамасыз ету.

 Білімалушылар міндетті:

  • Тырмаларды ұштарын төмен қаратып жатқызуы;
  • Тегіс емес, борпылдақ және тайғанақ топырақта секіруге болмайды, секіріп жерге түскенде қолмен тірелмеуі;
  • Мұғалім рұқсат еткен кезде және шұңқырда ешкім болмағанда секіру керек;
  • Біреудің жолын кеспей басқа оқушы секірген мезгілде, кезекпен секіру керек;
  • Секіріп болғанан кейін тез арада секіретін шұңқырды босатып өз орнына қайтып келіпкелесі секіру әрекетіне жолдың оң және сол жағымен екпін алуға даындалу керек.

Бір орынан тұрып секіру техникасын оқушыларға айтып түсіндіру және көрсету.

Бір орынан тұрып секіру техникасы.

Бір орынан секіру негізінде жаттығу кезінде қолданылады, деген менде бір орынан секіру және үш рет секіруден жарыстар өткізіледі. Секіргіштік пен аяқтың күшін анықтау үшін бір орынан биіктікке секірту бақылау сынағын өткізеді.

Бір орынан ұзындыққа секіру.

Бір орынан секіру техникасы бөлінеді:

  • серпілуге дайындалу;
  • серпілу;
  • ұшу;
  • қону, жерге түсу.

  1. Ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі- «аяқты бүгіп секіру әдісі».

  2. Тізені бүгіп секіру екпіндей жүгіру,жерден серпілу,қалықтаудан және жерге секіруден тұрады.

  2. Ұзындыққа секірудің 3 кезеңін түсіндіру:

Серпілу (жерден көтерілу)

Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек. Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен  секіруші тік қалыпқа келуі керек.

Самғау (ұшу немес қалықтау)

Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген  жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.

Жерге түсу

Оқушыларға жерден көтерілу кезінде қалай көтерілу керектігін түсіндіру және өз орындауында көрсету. Самғау кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету. Жерге түсу кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

1. Секіртпе «дуал» 40-60 см биіктікте тұрады.

Тегіс жерде ойналмауы

Қысқа секіртпе жіпті «дуалдан» дұрыс биіктікте ұстамауы

Мұғалімнің белгісін күтпеуі

Қатты жүгіріп кетуі

Ойынды дұрыс түсіндірмеуі

Ойыншылар «іннің» ішінен бір-бірден шықпауы

Ойыншылар секіртпе жіптен жоғары жүгіріп шықпауы

Ойыншылар секіртпе жіптен төмен жүгіріп шықпауы

2. «Дуалдан» дұрыс секіріп түседі.

«Дуалдан» «бақшаға» дұрыс түспеуі

«Күзетшінің» шығуын күтпеуі

Жәнеде «күзетшінің» белгісін тыңдамауы

«Қояндар» «іннің» ішнен қашып шықпауы

Ойыншылар қашып шығып «дауалдың» астынан өтпеуі

Қашып шығып «дуалдың» үстінен секіріп өтпеуі

Ойыншылар секіріп «індеріне» жүгірмегені

Ойыншылар дұрыс секірмеуі

Секіруді жылдам бастап кетуі

3. Күшікке ұстатпаған жеңіске жетеді.

«Күшік» қашқандарды қуып ұстай алмауы

«Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болмауы

«Күшікке» қайта-қайта ұсталуы.

Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырмауы

Ойыншылардың тез жүгірі кетуі

Ойын ережесін дұрыс сақтамауы

«Дуалда» тұрған оқушылар ауыспауы

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар.
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

http://ktonazdorovogo.ru/kartoteka-podvizhnyx-igr-s-pryzhkami-dlya-detej.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу