Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 49 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №49 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту.

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?
  • Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар шаңғы/кросс/коньки айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған келесі дене қыздыру жаттығуларын волейбол добының көмегімен орындайды:

I жаттығу.

Б. қ. - н. т.

1 - доп кеуденің алдында;

2 - допты алдыға созу;

3 - аяқтың ұшына тұрып, допты жоғары көтеру;

4 - Б. қ.

II жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын ашу,

допты басқа қою.

1 - денені солға бұру;

2 - Б. қ.;

3-4 - денені оңға бұру.

III жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу,

1 - сол аяққа отырып, допты алдыға қарай созу;

2 - Б. қ.;

3 - оң аяққа отырып, допты алдыға созу;

4 - Б. қ.

IV жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу,

допты жоғару көтеру.

1 - бүгіліп барып еңкею,

қолды жан-жаққа созу;

2 - Б. қ.;

3-4 - допты бастың айналасынан беру.

V жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтыалшақ қойып,

1 - допты еденге ұру;

2 - допты ұстап алу;

3 - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап жіберу;

4 - Б. қ.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh

Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588

Үлкен бос кеңістік.

Оқушылардың санына тең воллейбол доптарының саны.

ЖДДЖ кешендері берілген сайтқа сілтеме:

https://koncpekt.ru/nachalnye-klassy/raznoe/691-kompleksy-fizicheskih-uprazhneniy-s-1-9-klass.html

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін барлық білім алушылар біледі және қолданады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін сақтап және қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу