Алкиндер қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Көмірсутектер және олардың табиғи көздері | Мектеп: | ||||||||||||
Сынып: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Күні: |
|
| |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алкиндер қасиеттері | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.2.26 алкиндердің гомологиялық қатарын, құрылысын, физикалық және химиялық қасиеттерін, оларды алу тәсілдерін қарастыру | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - алкиндердің физикалық қасиеттерін атайды - алкиндердің алу әдістері мен химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастырады - есептер шешеді | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - алкиндердің физикалық қасиеттерін тізімдеу үшін диаграмма жасайды - алкиндерді алу әдістерін тізімдеу үшін жетіспейтін сөздер мен химиялық формулаларды толтырады - алкиндерге тән реакциялардың атаулары мен теңдеулерін салыстырады - есептер шешеді | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнбойыншаарнайы лексика және терминология: Қосылу реакция, полимерлену, гидратация, галогенденуі реакциясы, пи-байланыс, тотығу реакциялары Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің жинағы: Қосылу реакциясы ...... өршіткі қатысуымен…………… Қосылу реакциясы кезінде алдымен үштік байланыс..........., содан кейін........ | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - Жұптық тәжірибе жүргізу барысында бірін-бірі құрметтеу; -Бағалаудың айқындылығығын қамтамасыз ету; - Ұлттық құндылықты дарыту. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | 7-9 сынып | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
5 минут | Қатысушылардың санын тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын түсіндіру. Алкендердің физикалық қасиеттері. Стартер. Ми шабуылы. Алкендердің физикалық қасиеттерін көрсететін тақтаға оқушылармен бірге диаграмма жасаңыз. Мұғалім: алкиндердің физикалық қасиеттерін олардың қасиеттері бұрын зерттелген алкендердің қасиеттеріне ұқсас екенін ескере отырып келтірейік. Оқушылармен диаграманы талқылаңыз, олар алкиндердің қасиеттері алкендердің қасиеттеріне ұқсас екеніне көз жеткізуі керек және осы ұқсастық негізінде алкиндерге қандай химиялық қасиеттер тән екенін, қосылу реакциясын болжау керек. | Презентация | |||||||||||
7 минут | Алкиндердің алуы. Жұптасып жұмыс істеу. Fill the gaps активити. Алкиндерді алу тәсілдерімен танысу үшін біз олқылықтарды толтыру үшін жұппен жұмыс жасаймыз: сөздер, алкиндерді синтездеудің бірнеше әдісін көрсететін теңдеулердегі қосылыстар формулалары жазу. Өзін-өзі бағалау. Оқушылар жұпта тапсырмаларды орындағаннан кейін мұғалім слайдта оқушыларға дұрыс жауаптарды көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын тексереді, мұғалім оқушылармен осы тапсырманы орындау кезінде туындаған қиындықтарды талқылайды. | Презентация, жұмыс парағы | |||||||||||
6 минут | Алкиндердің химиялық қасиеттері. Жұптасып жұмыс істеу. Сәйкестік. Мұғалім: физикалық қасиеттері мен алу әдістерімен танысқаннан кейін біз алкиндердің химиялық қасиеттерімен танысуымыз керек. Ол үшін жұмыс парақтарында химиялық қасиеттердің атаулары және оларды көрсететін реакциялар теңдеулері көрсетілген. Сізге тек атаулар мен сәйкес теңдеулерді жұппен салыстыру керек. Өзін-өзі бағалау. Оқушылар жұпта тапсырмаларды орындағаннан кейін мұғалім слайдта оқушыларға дұрыс жауаптарды көрсетеді, оқушылар олардың жұмысын тексереді, мұғалім оқушылармен осы тапсырманы орындау кезінде кездескен қиындықтарды талқылайды. | Презентация, жұмыс парағы | |||||||||||
17 минут | Топтық жұмыс. Еспетерді шешу. Пирамида (1-2-4). Оқушылар 2 есепті (жеңіл және күрделі) шешуі керек, бірінші тапсырманы (жеңіл) басында оқушылар өз бетінше шешуі керек, содан кейін есептін шешімі мен оның жауабын партадағы көршісімен талқылауы керек, содан кейін екінші есепті (күрделі) шешу үшін оқушылар екінші жұпқа бұрылып, төртеуі есепті шешуге тырысады. Өзара бағалауТоптық еспеті шешкеннен кейін, сағат тілімен қозғала отырып, басқа топтардың жұмысын келесі критерийларға сәйкес бағалаңыз: Мұғалім тапсырмаларға жауаптарды слайдқа шығарады, шешімнің барысын және жауаптарды бүкіл сынып бойынша талқылайды. | Презентация, жұмыс парағы | |||||||||||
5 минут | Рефлексия. Активити " Кім екенін табыңыз....» Оқушыларға сыныптастарына сұрақ қою және өзара бағалау үшін бірнеше сұрақтар беріледі. Оқушы сыныптастарының есімдерін сұрақтар парағында, егер олар оның сұрағына жауап бере алса, белгілеуі керек. | Жұмыс парағы | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қолдау көрсету үшін жұптарда жұмыс ұйымдастырылады | Жұптық жұмыс бойынша өзін-өзі бағалау Слайдтағы жауаптар бойынша есептер шығаруды өзара бағалау | Сергітусәттері: - рөлдік ойын - жұптық жұмыс | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет? | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру