,Есеп шығару. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1. Берілген заттар үшін тиісті реакция теңдеулерін жазып, өнімдерін көрсетіңіз.
1.1.Бутан (С4 Н10) ауаның жеткіліксіз жағдайында толық емес жануға ұшырайды. Нәтижесінде қандай өнімдер түзілетінін реакция теңдеуін жазып, анықтаңыз.
.............................................................................................................................................................
1.2.Пропан табиғи газдың құрамына кіретін көмірсутектердің бірі. Осы заттың толық жану реакциясын көрсетіңіз.
................................................................................................................................................................
1.3. Октанды (бензиннің негізгі құрам бөлігін) жағу бензинді жағудың жақсы моделі бола алады: 2 моль октан жанған кезде қанша жылу бөлінеді?
Қосымша 2
Жану өнімдерінің массасы (көлемі) бойынша заттың молекулалық формуласын табуға сан есептерін шығару алгоритмі
1.Есеп. 14,4 г алкан жанғанда 22,4л (қ.ж) көмір қышқыл газы түзілген.Белгісіз алканның молекулалық формуласын анықтаңыз.
Есептеу алгоритмі:
1.Белгісіз алканның жану реакциясын жазамыз:
2.Заттардың мөлшерін анықтау:
Алкан үшін:
Көмір қышқыл газы үшін
Реакция теңдеуі бойынша, 1 моль СnH2n+2 –ден n моль СО2 түзіледі, зат массасының сақталу заңы бойынша 14,4:14n+2=1:n, осыдан n=5.
Іздеп отырған затымыздың формуласы С5H12.
2.Көлемі 5,6 л газтәрізді органикалық затты жаққанда, 16,8 л (қ.ж) көмірқышқыл газы және 13,5 г су түзілді. Бастапқы заттың 1л көлемінің массасы қалыпты жағдайда 1,875г-ға тең. Қосылыстың молекулалық формуласын табыңдар. Жауабы: пропен
2.Алканның үлгісі жанғанда, 13,2 г көміртек диоксиді және 6,3г су түзіледі. Заттың сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 43-ке тең. Көмірсутектің формуласын анықтаңдар.
Жауабы: гексан
3.Массасы 3,6г органикалық зат жанғанда 13,2 г көміртек диоксиді және су 7,2г түзілді. Заттың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2,069-ға тең. Қосылыстың формуласын табыңдар. Жауабы: С5Н12
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру