«Жасыл химияның» 12 қағидасы. Атмосфераның, гидросфераның, литосфераның ластануы. Химия, 11 сынып, презентация.


«Жасыл химияның» 12 принципі.

2020

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Оқу мақсаттары

11.4.1.1 «Жасыл химияның» 12 принципін білу және түсіндіру;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

«Жасыл химияның» 12 принципін айтады және түсіндіреді

«Жасыл химияның» әр принципіне мысал келтіреді;

Актуализация

Күнделікті өмірде жасыл химияны қалай кездестіруге болады?

«Жасыл химия» деген не өзі?

«Жасыл химия»

Жасыл химия (Green Chemistry) қоршаған ортаға зиянын тигізбей, керісінше жетілдіруге бағытталған тұтас химияның ғылыми бөлігі. Бұл бағыт XX ғасырдың 90-жылдары пайда болды. 1998 жылы П.Т. Анастас және Дж.С. Уорнер "Жасыл химия теориясы мен тәжірибесі" кітабында "Жасыл химияның" негізгі 12 қағидасын атаған болатын.

Экология мен «жасыл химия» бір ба­ғыт­та қызмет етеді, бірақ екеуі бір сала емес. Қоршаған орта туралы ғылым ретінде экология қоршаған ортаның ластану көздерін анықтайды, ал жасыл химия жаңа баламалы қауіпсіз технологияларды іске асыра отырып, осы ластануларды болдыр­мау жолдарын іздестіреді.Мысалы, өсімдік шикізатынан био­отын өндіру, химиялық процестерді еріткіш­сіз, яғни аса жоғары критикалық қысым­да сығылған көмірқышқыл немесе басқа да газдарда жүргізу, катализатор пайдалану, табиғи газдан сұйық отын алу сияқты ба­ғыттар жасыл химияның негізін құрайды.

Жұмыс топтарын құру

Оқушыларға әр түрлі түстегі карточкаларды таңдау ұсынылады

Біздерді түс бойынша топқа бөлді

Бізді тұрақты дамудың 12 принципі бойынша бөлді

Әрбір оқушы өзіне карточка таңдайды. Бұл карточкалардың артынғы жағында сөздер жазылған. Сол сөздер бойынша топқа бөліне қойыңыздар.

Упреждение.

Экономия атомов

Снижение опасности процессов и продуктов синтеза

Использование возобновляемого сырья

Уменьшение числа промежуточных стадий

Использование каталитических процессов

Использование менее опасных вспомогательных реагентов

Энергосбережение

Конструирование «зеленых» материалов

Обеспечение аналитического контроля в реальном масштабе времени

Предотвращение возможности аварий

Биоразлагаемость

Топтарға тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, топ ішінде талдаңыздар. Әрбір топ мүшелері топтың өкілін сайлайды. Бұл оқушы өздеріне таңдап алынған тұрақты даму принциптерін басқа топ өкілдеріне түсіндіреді.

Сен бұл миссияның маңыздылығын түсінесің деп ойлаймын?

Еліміздің және әлемнің тұрақты дамуы сенің қолыңда

Түсіндіру үшін сізде 15 минут уақыт бар …

«Жасыл химияның» 12 принципі

1. Қалдықтарды қайта өңдеп, тазалағанша, шығындарды болдырмау керек.

2. Синтездеу әдісін таңдағанда процессте қолданылған барлық материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау керек.

3. Синтездеу әдісін мүмкіндігінше пайдаланылған және синтезделген заттардың барлығы адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау керек.

4. Жаңа химиялық өнім жасау кезінде бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту керек.

5. Өндірісте жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді қолданбауға тырысу қажет. Егер оларсыз мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы шарт.

6. Міндетті түрде энергетикалық шығындардың және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтездеу барысында қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс.

7. Бастапқы және жұмсалған материалдар қалпына келетіндей болуы тиіс. Сонда ғана экономикалық және техникалық жағынан тиімді болады.

8. Мүмкіндігінше аралық өнімдер алынбайтын болуы тиіс.

9. Әрқашан каталитикалық үрдіс жүруі шарт.

10. Химиялық өнім оны қолданғаннан кейін қоршаған ортада қалмай, қауіпсіз өнімге дейін ыдырауы тиіс.

11. Аналитикалық әдісті дамыту керек. Себебі, белгілі бір уақытта түзілетін қауіпті өнімдерді қадағалау үшін қажет.

12. Химиялық үрдістерде қолданылған заттар мен олардың түрлерін таңдағанда химиялық қаупі (жарылыс, өрт, қопару) минималды болатындай таңдау шарт.

«Жасыл химияның» кезеңдері

Дәстүрлі органикалық еріткіштерді алмастыру (мұнайдан алынғандар);

Реагенттер экологиялық таза және қайта қалпына келетінболуы керек (мұнайдан алынбайтын заттар);

Жоғары селективті қасиеті бар катализаторларды қолдану арқылы синтездеудің жаңа әдістерін қолдану

Заманауи химияның дамуы бойынша негізгі бағыттар контекстісіндегі «Жасыл химия»

Бекіту сұрақтары:

«Жасыл химия » деген не?

Тұрақты даму принциптерін атаңыз?

Бұл принциптерді сақтау бізге не береді?

Атмосфера, литосфера және гидросфераны қалай сақтай аламыз?

Қоршаған ортаның ластануының ауқымы қандай?

Үй жұмысы

«Жасыл химия» принциптерін насихаттайтын буклет дайындау

Сабақ рефлексиясы

Сабақта мен келесіні түсіндім ….

Маған …. туралы айтқан қызықты болды

Мен … өзгерте аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?