Аррениустің, Льюистің және Брэнстед-Лоуридің теориялары тұрғысынан қышқылдар мен негіздердің түсініктемесі. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11 Қышқылдар мен негіздердің ерітінділері | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Аррениустің, Льюистің және Брэнстед-Лоуридің теориялары тұрғысынан қышқылдар мен негіздердің түсініктемесі | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 11.3.4.1 Аррениустің, Льюистің және Брэнстед-Лоуридің теорияларын сипаттау және олардың қолдану шегін түсіндіру. | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | - Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теориялары бойынша қышқылдар мен негіздерге анықтама береді және ажырата алады; - Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын салыстырады және оларды қолдану салаларын түсіндіреді. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер: - Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теориялары бойынша қышқылдар мен негіздерге анықтама беріп, ажырата алса; - Аррениус, Льюис, Бренстед-Лоури теорияларын салыстырып, оларды қолдану салаларын түсіндірсе. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Материалды түсіндіргенде қолданатын терминдер: протон, протондардың доноры/акцепторы, қышқыл, негіз, сілті, екіпротонды (екінегізді) қышқыл. Диалог пен жазба үшін пайдалы тұжырымдар: Теория бойынша қышқыл – ол ... Теория бойынша негіз – ол … Қышқыл ... береді және …. түзіледі Негіз ... қосып алады және …. түзіледі | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Құндылықтар (ынтымақтастық, академиялық адалдық) топтық және жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады (қызмет және / немесе мазмұнның сипаттамасы). | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 9-сынып. Ерітінділер мен ерігіштік (Қышқылдар, негіздер) | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Мұғалім/оқушы іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың аяғы | Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу.
Аррениустің, Льюистің және Брэнстед-Лоуридің теориялары тұрғысынан қышқылдар мен негіздердің анықтамаларын еске түсіру. Аррениус теориясының практикада қолданылуын бекітуге арналған өзіндік тапсырмалар: №1. Қышқыл мен негіздің бір-бірін толығымен бейтараптануынан шығатын қандай зат және ортаның қышқылдығы мен негіздігі немен анықталады? №2. Диссоциациялану константасы жоғары қышқыл мен негізге мысал келтіріңіз? №3. Аррениус қышқылы дегеніміз не? Аррениус негізі дегеніміз не? Күнделікті өмірде қолданып жүрген қышқыл мен негізге мысал келтіріңіз? Жауаптары: № 1. Су - бейтарап зат және ортаның қышқыл мен негіздігі pH-метр көмегімен жүзеге асады. №2. Диссоциациялану константасы жоғары қышқылдарға: HClO4, HI, HBr, HNO3, H2SO4, т.б. Диссоциациялану константасы жоғары негіздерге: NH3, C6H5NH2, (CH3)NH, C2H5NH2, т.б. №3. Аррениус қышқылы деп заттардың диссоциациялану кезінде тек сутек H+ ионы түзілуін айтады. Аррениус негізі заттардың диссоциациялану кезінде OH- гидроксид ионының түзілуімен сипатталады. Күнделікті өмірде қолданып жүрген цитрустық көкөністер қышқыл мен негізге қарапайым мысал бола алады. Мысалы, апельсин, лимон, жүзім шырыны, қызыл жуа, қызыл орамжапырақ т.б. Бренстед-Лоури теориясы бойынша өз-өзін тексеруге арналған жаттығулар: №1. Әрбір теңдеудегі тура реакция үшін Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқыл мен негізді анықтаңыз: a. HClO2(aq) + NaIO(aq) = HIO(liq) + NaClO2(aq) b. HS-(aq) + HF(aq) = H2S(aq) + F- (aq) №2. Әрбір теңдеудегі тура реакция үшін Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқыл мен негізді анықтаңыз: а. HS-(aq) + OH-(aq) = S2(aq) + H2O(liq) b. H3AsO4(aq) + 3NaOH(aq) = Na3AsO4(aq ) + 3H2O(liq) №3. Берілген теңдеудегі тура реакция үшін Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқыл мен негізді анықтаңыз: HNO2(aq) + NaBrO(aq) = HBrO(aq) + NaNO2(aq) Жауаптары: №1. a) HClO2 өзінен H+ ионын жоғалтып, Бренстед-Лоури бойынша қышқыл, ал NaIO-ғы IO- H+ ионын қосып алып, Бренстед-Лоури бойынша негіз болып табылады. b) HF өзінен H+ ионын жоғалтып, Бренстед-Лоури бойынша қышқыл, ал HS- H+ ионын қосып алып, Бренстед-Лоури бойынша негіз болып табылады. №2. a) HS- өзінен H+ ионын жоғалтып, Бренстед-Лоури бойынша қышқыл, ал OH- өзіне H+ ионын қосып алып, Бренстед-Лоури бойынша негіз болып табылады. b) H3AsO4 өзінен үш H+ ионын жоғалтып, Бренстед-Лоури бойынша қышқыл, ал NaOH-ғы әрбір OH- H+ ионын қосып алып, NaOH Бренстед-Лоури бойынша негіз болып табылады. № 3. HNO2 өзінен H+ ионын жоғалтып, Бренстед-Лоури бойынша қышқыл, ал NaBrO-ғы BrO- H+ ионын қосып алып, Бренстед-Лоури бойынша негіз болып табылады. Льюис теориясы бойынша өз-өзін тексеруге арналған жаттығулар: №1. Берілгендердің қайсысы Льюис негізі ретінде химиялық байланысқа түседі: NH3, CH4, Ғ-, ОН? Жауабыңызды нақтылаңыз. №2. Льюис қышқылы мен негізінің терминдік анықтамасын анықтаңыз. AlCl3 алюминий хлоридінің тек ішкі электронын көрсете отырып сұлбасын сызыңыз. Жауабыңызды нақтылаңыз. Жауаптары: № 1. Льюис негізі жеке жұп электроны бар болуымен және басқалармен байланыс түзуге қатысуымен сипатталады. NH3-тағы азот атомының жеке жұп электроны бар, сондықтан ол Льюис негізі ретінде байланысқа түсе алады. CH4 жеке жұп электрондары жоқ болғандықтан, Льюис негізі бола алмайды. F- төрт бөлісе алмаған электрон жұптары бар, сондықтан Льюис негізі ретінде байланысқа түсе алады. ОН--тағы оттектегі жеке жұбының болуы оның Льюис негізі ретінде байланысқа түсе алуын дәлелдейді. №2. Льюис қышқылы - электрон жұбының акцепторы болса, ал негіз - электрон жұбының доноры болып табылады. Алюминий атомының ішкі орбиталында жалғыз жұп электронын қабылдап коваленттік байланыс түзетін орын бар. Екі молекула алюминий хлориді сөзсіз Льюис қышқылы ретінде байланысқа түсе алады. Алайда хлор атомында басқа да қосылыспен байланыс түзуге қолдануға болатын жалғыз жұп электроны бар. Демек бұл да Льюис негізі бола алады. Нәтижесінде Al2Cl6 түзіледі. Қорытынды тапсырма. Қышқылдар мен негіздердің анықтамаларын салыстырыңыздар:
Уақыт қалып жатса, қалыптастырушы бағалауды өткізуге болады не болмаса үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Сабақтың соңында оқушылар өздерінің оқулары туралы ойланады: - Не үйренді? - Не түсініксіз қалды? - Не істеу керек? Мүмкіндігінше оқушылар белгілі бір критерийлерді қолдана отырып, өзінің жеке жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалай алады. | Презентация Жұмыс парағы Презентация |
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау | ||
Дифференциация тапсырма бойынша, нәтиже бойынша, жеке қолдау арқылы, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын таңдау арқылы болуы мүмкін (Гарднердің бірнеше интеллект теориясы). Дифференциацияны сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады, бұл уақытты басқаруды ескереді. | Қайталау және бекіту сабағы болған соң бағалауды мұғалім өз қалауынша (бағалау парағымен не ауызша, не сигналды карталар бойынша) жүргізеді. | Денсаулыққа ықпал ететін әдістер Үзіліс және физикалық жаттығулар. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелері. | ||
Сабақ бойынша рефлексия | Берілген бөлімді сабағыңызды сараптау үшін қолданыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңызға қатысты маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Сабақ / оқу мақсаттары нақты болды ма? | ||||
Оқушылардың барлығы дерлік ОМ жете алды ма? | ||||
Жоқ болса, не себепті? | ||||
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | ||||
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? | ||||
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | ||||
Жалпы баға: | ||||
Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында мен оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда мен неге назар аударуым керек? 1. 2. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?