Бензол және оның гомологтарын алу. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

11.4А Ароматты қосылыстар қатары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бензол және оның гомологтарын алу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.13 бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- бензол және оның гомологтарының алу реакцияларын білу

Көпшілігі:

- бензол мен оның гомологтарын алуға арналған реагенттерді таңдай білу

- тапсырмаларды шешу үшін бенол және гомологтарының алыну реакциясын қолдана алу

Кейбір оқушылар:

- зерттелмеген бензол гомологтарының өндірісін болжау

Бағалау критерийлері

бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын біледі

бензол мен оның гомологтарын алуға арналған реагенттерді таңдай біледі

тапсырмаларды шешу үшін бенол және гомологтарының алыну реакциясын қолдана алады

зерттелмеген бензол гомологтарының өндірісін болжай алады

Тілдік мақсат

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бензолдың құрылымы бірегей, себебі ...

… үшін себебі қандай? / … қалай түсіндірер едіңіз?

… себебі./Бір … … неліктен екенінің себебі

Қалай ойлайсыз?

Менің ойымша/пайымдауымша …

Сіз келсісесіз/келіспейсіз?

Құндылықтарды дарыту

Сыни ойлауды дамыту, топта қарым-қатынас жасай алу, бірін-бірі құрметтеу, өздігінен жұмыс жасау, өзін-өзі жетілдіру, уақытты тиімді пайдалануды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-7 мин

8-25 мин

26 - 37 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Стартер:

Бензол алудың маңыздылығы неде?

(С) Оқушылардан көмірсутектерді өндірудің тәсілдерін еске түсіруді сұрау (табиғи көздерден бөлу). Талқылаудан соң оқушылар көмірсутектерді қолданудың аса қажеттілігін түсініп және сол қажеттілікке сай арендерді алудың басқа әдістерін ұсынулары қажет.

Слайд 2, бейнебаян

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен танысу

I Бензол және гомологтарының синтезі

Топпен жұмыс:

(топтар оқушылар қызығушылықтарына сәйкес құрылады)

1 топ: Кальций карбидінен (CaC2) бензолды синтездеуді ұсыныңыз. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.

2 топ: Алюминий карбидінен (Al4C3) бензолды синтездеуді ұсыныңыз. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.

3 топ: Гексадиен - 1,5 тен бензолды синтездеуді ұсыныңыз. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.

Әр топ өз жауаптарын ұсынады, қалған топтар слайд бойынша тексеріп, дәптерге реакция теңдеулерін көшіріп жазады.

II Бензол синтезіне есептер шығару

(кейбір оқушылар өздігінен шығарады, қалған оқушылар мұғалім көмегімен тақтада орындайды)

1. Егер реакция өнімінің теориялық шығымы 80% болса, көлемі 67,2 дм3 ацетиленді тримерлеу арқылы алынған бензолдың массасын есептеңіз

2. Егер реакция өнімінің шығымының массалық үлесі 75% болса, 1 тонна бензолдан қанша изопропилбензол (кумол) массасын алуға болатындығын есептеңіз

3. Толуол массасы 8,08 г хлорметанның 11,7 г бензолмен әрекеттесуінен алынды. Толуолдың шығымы 70% болса, оның массасын есептеңіз.

Сабақ қорытындысын шығару. Оқу мақсатына оралу.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?