«Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру.». Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
«Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру».
Сабақтың мақсаты:
- көпсатылы экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру;
- сапалық анықтау арқылы мәліметтерді жинап, арнайы кестеге жинақтап рәсімдеу;
- гипотезаны қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасау, талқылау;
Жұмыс барысы:
Оқушылар:
- зертханалық жұмыстың мақсатын айқындайды;
-зертханалық жұмыстың гипотезасын жазады;
-зертханалық жұмыс жоспарын құрайды
2.Ерітіндідегі ІІ топтың метал катиондарын анықтау
Тәжірибе №1.Ерітіндідегі Ba2+ катиодарын сапалық анықтау.Заттық шыныға 1-2 тамшы Ba2+ ионы бар тұзды тамызыңдар.
Сұйытылған 1 тамшы H2SO4 тамызыңдар.
Реакцияға тән түзілетін белгіні айқындаңдар.
Жүрген реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңдар.
1.BaCl2 + H2SO4 =....... + ........
Тәжірибе №2.Ерітіндідегі Сa2+ катиодарын сапалық анықтау.
Кальций катионын анықтау үшін жоғарыдағы тәжірибеге сәйкес (аналогиялық) жұмыс жасалады. Жүрген реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңдар
Ғылыми тілді пайдалана отырып, қарапайым қорытынды жасау.
Қауіпсіз және тиімді тәжірибе жобалау бойынша идеялар ұсынысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?