Галогендердің тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Лабораториялық жұмыс. Галидтердің концентрлі күкірт қышқылымен реакциясы
Оқу мақсаты:
Тұз қышқылының лабораторияда алу және оны пробирка, колбада жинау. Хлор сутек қасиетін анықтау.
Мақсаты: Галидтердің концентрлі күкірт қышқылымен реакциясын бақылау, реакция өнімдерін анықтау.
Жабдықтар мен реактивтер:КСL(қ), KBr(қ), KI(қ), H2SO4, лакмус қағазы, пробирка, фильтр қағазы, калий бихромат ерітіндісі, қорғасын нитраты ерітіндісі, газ өткізгіш түтікшесі, химиялық стакан.
Жұмысқа қойылатын қауіпсіздік ережесі:
Жұмыс тартпа шкафында жүреді.
Жұмыс барысы
- Құрғақ пробиркаға микрошпательмен натрий хлоридін және 10-15 тамшы концентрлі күкірт қышқылын салыңыз. Түссіз газ бөлінгенін байқа. Дистильденген суға батырылған көк лакмус қағазын пробирка аузына жақындатып, фильтр қағазының түс өзгерісін бақыла. Пробиркаға жиналған газды суы бар кристаллизаторға жібер. Тәжірибені бақылап, реакция теңдеуін жаз, хлор сутек қасиетін тұжырымда, лакмус қағазының түс өзгерісін түсіндір.
- Тәжірибені қатты калий бромидімен тартпа шкафында қайтала. Екінші таза, құрғақ пробирканы пайдалан және байқалған құбылысты жаз. Пайда болған газды бихромат калий(VI) ерітіндісіне батырылған фильтр қағазымен сына.
- Тәжірибені қатты калий йодидімен тартпа шкафында орында, үшінші таза, құрғақ пробирканы пайдаланып байқалған құбылысты жаз. Пайда болған газды қорғасын нитратына батырылған фильтр қағазымен анықта.
- Қорытындыны кестеге толтыр.
Галогендер | Байқалған құбылыс пен реакция теңдеу. | Қорытынды |
Галогендердің тотықтырғыш – тотықсықдандырғыш қасиетттері.
3 сынауық алыңыз. Біріншісіне 10 тамшы 0,1М KBr, екіншісіне және үшіншісіне 10 тамшы 0,1М KI ерітіндісінен құйыңыздар. Бірінші екі сынауыққа 3 тамшы хлор суынан, ал үшіншіге – 3 тамшы бром суынан қосыңдар. Ерітінділерді араластырыңдар. Сосын әрбір сынауыққа бензолдан /2-3 мм қабат түзілгенге дейін/ құйып, тағы да жақсылап араластырамыз. Бензол қабаты түсінің өзгерісін бақылаңдар.
Алғашқы екі сынауыққа иодтың түсі жойылғанша хлор суынан қосыңдар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1)Бақылауды анықтаңдар.
2)Реакция теңдеуін жазыңдар.
3)Иодқа боялған бензол қабатының түсі хлор суын құйғанда неге түссізденетінін түсіндіріңдер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды