Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер (1 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.15 инструменталды әдістердің қолдану аймақтарын атау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- қазіргі химияда қолданылатын аналитикалық әдістердің маңыздылығын түсінеді;

Көпшілігі:

- заманауи химиядағы аналитикалық әдістердің жіктей алады;

Кейбір оқушылар:

Аналитикалық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;

Бағалау критерийлері

  • заттарды анықтау әдістерін біледі және түсінеді;
  • аналитикалық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Кілт сөздерді қолдана отырып, берілген сұрақтарға жауап береді:

Пәнге қатысты лексика мен терминологияфизика-химиялық әдістер, талдау, синтез, идентификация, спектрометрия, масс спектрометр, хроматография, газды – сұйықтықты хроматография, ИК спектрометрия.

Мен … заты бар дей ойлаймын, және оған дәлел … болып табылады

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс, ынтымақтастық, академиялық шындық, заттарды тұрмыста сауатты қолдана алу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау

Пәнаралық байланыстар

Биология

Физика

Алдыңғы білім

Қарапайым химиялық реакциялар (7.2A)

Бейорганикалық қосылыстарға сапалық анализ (9.1В)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 1

2-5

Оқушылармен сәлемдесу.

Заттардың құрамын анықтау дегеніміз не?

Анықтау әдістері қандай?

Қарапайым әдістерінің бірі не?

Аналитикалық химия нені зерттейді?

Тапсырма 1: видео көрсету

https://www.youtube.com/watch?v=7z1cTxdKhZE

Оқушылар топ ішінде талқылап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды

(5 мин)

https://www.youtube.com/watch?

v=7z1cTxdKhZE

Сабақтың ортасы

6-15

16-25

26-35

36-38

Слай бойынша жұмыс

Сапалық талдау – (орыс. качественный анализ) аналитикалық химияның негізгі бөлімі, күрделі зат құрамындағы элементтерді физикалық, физика-химиялық, химиялық әдістермен ажыратып зерттеу.

Сапалық талдаудың міндеті – нысанның қандай компонентерден тұратынын: элементерден, атомдардан, молекулалардан немесе иондар тобынан тұратынын анықтау.

Аналитикалық химия  аналитика (грек. аnalysіs

 – талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.

Аналитикалық химия көптеген міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі:

  • Зат табиғатын анықтау (органикалық және беорганикалық).
  • Зат құрамын анықтау (иондар, молекулалар, атомдар) және элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау.
  • Негізгі компоненттің құрамын анықтау және құрамындағы қоспаларын анықтау.
  • Белгісіз қосылыс формуласын анықтау.

Анализ жасайтын зертханаларға бару ұсынылады (мысалы, университетте немесе сумен жабдықтау компаниясында).

Хроматография

Бұл біреуі қозғалыссыз, екіншісі ағын болатын екі фазаның арасындағы заттарды таратуға негізделген күрделі қоспаларды бөлу әдісі.

Хроматография әдісі медициналық, биологиялық, фармацевтикалық зерттеулер мен клиникалық тәжірибелерде көп қолданылады

Тапсырма 1: Анимация көру

Сұрақтарға жауап беру:

  • Хромотография деген не және ол түрлі заттарды қалай айыра алады?
  • Хроматография әдісінің мәні неде?
  • Бұл әдіс қандай принципке негізделген?

Хроматография артықшылықтары:

Жоғарғы жинақтылығы

Нәтижелердің жақсы қайталынғыштығ

Көп компонентті жүйелердің анализі

Табу шегінің төменділігі (0.1 мкг/л)

Анализ диапозонының кендігі (1-1000 мкг/л)

Сынаманың аз алынуы ( < 1 мл)

Уақыттың өнімділігі (экспрестілігі)

Оңай қолдану

Толық автоматтандырылуы

Тапсырма 2: ИҚ спектроскопия туралы видео көру

Жұпта ИҚ спектроскопия әдісін талқылау

Слайд бойынша ИҚ спектроскопия әдісі туралы ақпараттарды дәптерге көшіріп жазу

Сабақ нәтижесін шығару

Инструменталды әдістердің басқа аналитикалық әдістерден ерекшелігі?

https://twig-bilim.kz/kz/film/forensics-chromatography

https://www.youtube.com/watch?v=gIn1mxZvL1w

немесе

https://www.youtube.com/watch?v=m2UruFlkSEQ

Сабақтың соңы

39-40

Үй тапсырмасы

Рефлексия

Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»

Жұбыңызбен:

  • 3 үйренген нәрсе;
  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз

Үлестірмелі материалдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?