Электролиз. Химия, 10 сынып, презентация.


Білімді жаңғырту

Инертті анодтағы калий сульфатының сулы ерітіндісінің электролизі өнімі:

H2SO4

O2

S

SO2

2. Мына... ерітіндінің электролизі кезінде бос металл бөлінбейді.

сынап нитраты

мыс хлориді

дұрыс жауабы жоқ

калий нитраты

3. Күміс нитратының сулы ерітіндісінің электролизі кезіндегі көміртек электродында бөлінетін өнім:

катодтаAg, анодтаNO2

катодтаH2, анодтаO2

катодтаH2, анодтаN2

катодтаAg, анодтаO2

4. Дұрыс тұжырымды таңда.

Тұздардың сулы ерітіндісінің электролизі арқылы фторды алуға болмайды.

Өндірісте алюминиді оның оксидінің балқымасының электролизі арқылы алады.

тек 2-ші жауап дұрыс

тек 1-ші жауап дұрыс

екі тұжырым да бұрыс

екі тұжырым да дұрыс

Электролиз (3-сабақ)

10.2.3.9 электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану;

Электролиз өнімдерін болжау

Электродты реакция өнімін анықтау мәселесі бәсекелес иондардың қайсысы разрядталатынын болжау мәселесіне келіп тіреледі.

Электродты реакциялардың ықшамдалған ережелері

Егер қышқыл немесе тұздың электролизінде, мысалға, сульфат анионы не нитрат анионы болатын болса, онда гидроксид ионының тотығуы нәтижесінде түзілген молекулярлық оттек анодтағы өнім  болып табылады.

Тапсырма

Жұптық жұмыс

Электролиз өнімдерін болжау

Егер сіз платина немесе графит электродтарды қолданып жүргізілген сулы ерітінділердің электролиз өнімдерін алдын ала болжап білгіңіз келсе, келесі нұсқауларды пайдаланыңыз:

Алдымен  электролитте металдардың және бейметалдардың қандай иондары бар екенін анықтап алыңыз.

Содан кейін металдың химиялық белсенділігі қандай екенін біліңіз.

Соңында ерітіндіде галогенид иондарының бар-жоғын анықтаңыз

Металдардың химиялық белсенділігі

Металдың химиялық белсенділігі қандай екенін анықтаңыз. Ол үшін металдар белсенділігінің электрохимиялық қатарын қолдана аласыз. Егер металл алюминийден жоғары орналасса, онда катодта разрядталатын өнім сутек болып табыладыЕгер металл алюминийден төмен орналасса, катодты реакцияның өнімі еркін күйдегі металл болып табылады.

Тұздың сулы ерітіндісінің электролизі кезінде түзілетін өнім мен тұз формуласы арасындағы сәйкестікті тап.

Сулы ерітіндісінің электролизі кезінде анодта бөлінетін өнім мен тұз формуласының арасындағы сәйкестікті тап.

Электролиз өнімі мен бастапқы зат арасындағы сәйкестікті тап:

Тұздардың сулы ерітінділерінің электролизі

Тұздардың сулы ерітінділерінің электролизі балқыған тұздар электролизіне қарағанда қиынырақ жүреді, себебі су диссоциациясы барысында түзілген иондар электродты реакцияларға да қатыса алады. Электролиттердің сулы ерітінділерінің электролизінің өнімдерін болжау көп жағдайда қиынға соғады.

Ерітінді электролизі

К: 2Н2О + 2е = Н2 + 2ОН-

Мn+ + ne = M

А: 2Н2О = О2 + 4Н++

Anm- = An + me

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийлері

Натрий хлоридінің сулы ерітіндіснің электролизін сипаттайды;

Электролиз өнімдерін болжайды;

Тұз қышқылының электролизін сипаттайды;

Алюминий оксидінің электролизін талқылайды;

Заттарды мыспен қаптау үшін электролизді қолданады

Топтық жұмыс

Сулы ерітінділер электролизінде инертті электродтарды қолданған кезде жүзеге асатын процестердің реакция теңдеулерін жазыңыз.

1-топ Сынап хлоридінің судағы ерітіндісінің электролизі

2-топ Натрий гидроксидінің балқымасының электролизі

3-топ Магний сульфатының судағы ерітіндісінің электролизі

4-топ Кальций хлоридінің судағы ерітіндісінің электролизі.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/tuz-eritindilerining-ehlektrolizi

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/totyhu-totyqsyzdanu-reakcziyalary-ehlektroximiya/lesson/ehlektrolizding-qoldanyluy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?