Тотығу-тотықсыздану үрдістері. Химия, 10 сынып, презентация, 1 сабақ.


Тақырып: Тотығу-тотықсыздану үрдістері

Оқу мақсаттары:

- қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау;

- осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыру;

берілген реакция теңдеулерінде қай эдемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтау, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алу;

электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру;

Бағалау критериилері:

- қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады;

- осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыруға болатындығын түсінеді;

берілген реакция теңдеулерінде қай элемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтай алады , тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алады

электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіреді;

Негізгі тілдік терминдер:

Атомдардың, молекулалардың, иондардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.

Тотығу дәрежесі – күрделі химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр бөлшекте болатын шартты зарядтың сан шамасы. 

Ca3 +2N2-3

Mn2 +7O7-2

B2 +3O3-2

ЕСКЕ ТҮСІРУ!

Бір молекуланың зарядтарының жалпы соммасы «0»-ге тең болуы керек.

Тотығу дәрежесін есептегенде келесі заңдылықтарды қолдану керек:

1) Атом немесе молекула әрқашан элекртобейтарап, себебі олар да оң таңбалар теріс таңбалар санымен теңеседі;

2)                Бөлшектің белгісі оны байланыстыратын электрондық жұбының жақын орналасуына байланысты;

3)                Металдар катионы әрқашан оң зарядталады: Al3+,Na+,Ca2+;

4)                Қышқыл қалдықтардың анионы әрқашан теріс зарядталады: NO3-, SO42-, PO43-;

5)                Бейметаллдардың тотығу-тотықсыздану дәрежесі оң және теріс болуы мүмкін: N3-H4+, HN5+O3.

Сонымен қатар тотығу дәрежесін анықтау үшін келесі қағидалар қолданылады.

1 ) жай заттардың элементінің тотығу дәрежесі 0-ге тең;   Na0 ; 

2) қосылыстарда сілтілік металдар  (+1) тотығу дәрежесіне теңK+1OH; Na+1Cl; ал жер сілтілік металдар  (+2) тотығу дәрежесіне теңCa+2SO4;

3) қосылыстарда оттегі (-2) тотығу дәрежесіне ие; H2O-2

ескерту: асқын тотықтарда  (-1) 

OF2 қосылысында (+2) тотығу дәрежесіне ие

4) қосылыстарда сутегі (+1) тотығу дәрежесіне тең;

 ескерту: металл гидридтерінде сутегі (-1) тотығу дәрежесіне ие

5) молекуланың құрамына кіретін барлык атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең

 Азот атомының қосылыстардағы тотығу дәрежелері,

NH3, N2H4, NH2ОН, N2O, NO, HNO2,NO2, HNO3 қосылыстарында тотығу дәрежесі:  -3, -2,-1, +1,+2, +3, +4, +5 сәйкес болады.

Тапсырма 1. Төмендегі қосылыстардың ішінен қажетті элементтің тотығу дәрежесін анықтаңыз: 1 минут

Күкірт қышқылындағы күкірттің,

Азот қышқылындағы азоттың,

Калий бихроматындағы хромның,

Калий перманганатындағы марганецтің

тотығу дәрежесін анықтаңыз.

Тапсырма 2. Төмендегі реакциялардың ішінен қайсылары ТТР болатынын анықтаңыз:

1 минут

S + O2SO2

Ca + H2SO4 → CaSO4 + H2

CaO + H2SO4 → CaSO4 + H2O

NaOH + HClNaCl + H2O

Cu + H2SO4 → CuSO4 + H2O + SO2

Cu0 Cu+2

Fe+2 Fe+3

S0 S+4

Na0 Na+

S-2 S+6

Mn+5 Mn+2

Mn+7 Mn+2

Тапсырма 3. Төмендегі өзгерістердің тотығу немесе тотықсыздану болатынын анықтаңыз:

2 минут

ТТР мынадай типтері бар:

1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;

2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;

3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.

Молекулааралық (атомаралық) реакциялар: әр түрлі атомдардың, молекулалардың арасында электрон алмасуы нәтижесінде жүріледі;

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі

KMnO4 + HCl = Cl2+KCl+MnCl2+ H2O

C + HNO3(конц) = CO2 + NO2+ H2O.

Al + Fe2O3 Al2O3 + Fe

Молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану реакциялары: бір молекуладағы екі түрлі атомдар тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыш ролін атқарады.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі

KClO3KCl+O2

KNO3 → KNO2 + O2.

(NH4)2Cr2O7 →N2 + Cr2O3 + H2O,

Диспропорциялану немесе өзіндік тотығу-тотықсыздану реакциялары: бір ғана атом түрінің тотығып, әрі тотықсыздануынан шығады. Барлығы бір молекула ішінде өтеді;

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі

KOH(ыстық)+ Cl2 = KCl+KClO3+H2O

Cl2 + KOH(суық)→ KCl + KClO + H2O

NO2 + NaOH = NaNO2 + NaNO3 + H2O

Тотығу-тотықсыздану реакциясын ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЛАНС ӘДІСІМЕН теңестірудің алгоритмі

 1. Реакциядағы қосылыстар құрамындағы барлық элементтерінің тотығу дәрежесін анықтау

2. Тотығу дәрежелері өзгерген элементтерді анықтап, астын сызу

3. Тотыққан және тотықсызданған элементтерді анықтап, тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерін жазу.

4. Тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерінде қажет болса элементтерді теңестіру.

5. Тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерінде теңдіктің екі жағының зарядтар суммасын қажетті электрон санын қосу арқылы теңестіру.

6. Алмасқан электрон сандарының ең кіші ортақ еселігін тауып, тотығу/тотықсыздану процесінің толық иондық теңдеуін құру.

7. Молекулалық теңдеуді жазып, теңестіру.

8. Қажет болса тотығу/тотықсыздану процесіне қатыспаған элементтерді теңестіру

Мысал 1:

МЫСАЛ 2

KClO3 KCl + O2

KNO3 → KNO2 + O2.

(NH4)2Cr2O7 →N2 + Cr2O3 + H2O

KMnO4 + HCl Cl2 + KCl + MnCl2 + H2O

Al + Fe2O3 → Al2O3 + Fe

C + HNO3(конц) → CO2 + NO2+ H2O.

Cl2 + KOH(ыстық) KCl+KClO3 + H2O

Cl2 + KOH(суық)→ KCl + KClO + H2O

NO2 + NaOH → NaNO2 + NaNO3 + H2O

Тапсырма 4. Жұпта төмендегі реакцияларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз және тотықтырғыш/ тотықсыздандырғышты анықтаңыз: 10 минут

Кері байланыс.

Тотығу және тотықсызданудың арасындағы айырмашылық неде? ...

Тотығу бұл ..., ал тотықсыздану бұл...

Тотығу\тотықсыздану орын алады, егер ...?

Тотығу\ тотықсыздану үрдісі кезінде ...?

X/Y бірігеді (қосылады) \ азаяды(жоғалады),егер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?