Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2C Кинетика Күні: Сынып: 10 (ЖМБ) |
| ||||
Сабақ тақырыбы | Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.2.9 химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және белсендіру энергиясын қолдана алу; 10.3.2.10 «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру; | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар: - молекулалық кинетикалық теория тұрғысынан соқтығысу теориясы мен активтендіру энергиясын білу - Максвелл Больцман таралуын және белсендіру энергиясын түсіну, - Газдар мен сұйықтықтардағы соқтығысу энергиясының маңыздылығын түсіну; - Температура мен концентрацияның реакция жылдамдығына әсерін түсіндіре алу | ||||
Бағалау критерийі: | Дағдылар: білу, түсіну, қолдану
| ||||
Тілдік мақсат: | оқушылар: есеп шығару үшін алгоритм құрастыруда тақырыптық сөздіктерді қолданады Себеп-салдар құрылымын пайдалана отырып концентрация мен температураның қалай орын алатындығын ауызша түсіндіреді | ||||
Құндылықтарды дарыту | - өмір бойы білім алу - бірін – бірі құрметтеу мен ынтымақтастық | ||||
Пәнаралық байланыс | Математика, физика | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар жұпта отырып, бүгінгі күндеріне өзара сәттіліктер тілейді | ||||
5-10 мин 10-15 мин 16-31 минут 31-37 мин | Ой шақыру: Оқушыларға видеофильм көру ұсынылады. Видео бойынша сұрақтар қойылады: 1.Видео не жөнінде болды? 2.Видеодан қандай қызықты сәттерді байқадыңыздар? Пікір алмасу түсіндіре білуі керек: Алдыңғы білімді тексеру мақсатында тапсырма беріледі Миға шабуыл Жеке жұмыс Мақсаты:»реакция жылдамдығына концентарцияның әсері» тақырыбы бойынша алған білімді тексеру 1.Реакция жылдамдығына концентарция қалай әсер етеді? 2.Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін анықтайтын негізгі заңды атаңыз (әрекеттесуші массалар заңы) 3. Заңның тұжырымдамасы 4. Берілген есепті шешіңіз Есеп №1. Егер жүйедегі газдар қоспасын 3 есе кемітетін болса, 2SO2(г) + O2 = 2SO3(г) тура және кері бағыттағы реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Тепе теңдік қай бағытқа ығысады? Шешуі. Әрекеттесуші заттардың концентарцияларын C(SO2) = a, C(O2 )= b, C(SO3) = d деп белгілейміз. Әрекеттесуші массалар заңына сәйкестура және кері бағыттағы реакция жылдамдығы көлем өзгерісіне дейін: V(тура) = k1 · a2 · b ; V(кері) = k2 · d2 . Гомогенді жүйенің көлемі 3 есе азайғанда әрекеттесуші заттардың концентарциясы 3 есе артады: C(SO2) = 3a, C(O2) = 3b, C(SO3) = 3d. Тура және кері бағыттағы реакциялардың жаңа концентрациясы: v' тура = k1 · (3a)2 · 3b = 27 · k1 · a2 · b; v' кері = k2 · (3d)2 = 9 · k2 · d2. Жылдамдық өзгерісі: v'тура / vтура = 27 v' кері / v кері = 9 Сәйкесінше тура реакция жылдамдығы 27есе, ал кері бағыттағы реакция жылдамдығы 9 есе артты. Жүйеде тепе теңдік SO3 газының түзілу бағытына ауысты. Жұмыс аяқталған соң берілген критерий бойынша оқушы өзін өзі тексереді. Мұғалімнің түсіндіруі: Химиялық реакциялар молекулалық соқтығысудан кейін пайда болады. Тек А молекуласы В молекуласымен соқтығысқаннан кейін ғана олардан АБ молекуласы құралады. Соқтығысу теориясына сәйкес химиялық реакциялар реагент молекулалары арасындағы қақтығыстардың салдарынан орын алады. Реакция жылдамдығы бірлік уақытында соқтығысу санына пропорционалды. Реакция жылдамдығы уақыт бірлігіне шаққандағы соқтығысулар санымен ғана емес, олардың тиімділігімен де бақыланады. Әдетте қақтығыстардың аз ғана саны тиімді болады. Мысалы, сутектің йодидті ыдырау кезінде соқтығыстардың елу миллиардтан біреуі ғана өнімнің қалыптасуында тиімді болып табылады. Тиімді қақтығыстар - химиялық өзгерістерге әкелетін бөлшектердің қақтығыстары. Aктивтену энергиясы - химиялық реакцияны бастау үшін қажетті ең төменгі реагент энергиясы. Екі молекула арасындағы тиімді соқтығысулар белсендірілген кешендер деп аталатын тұрақсыз аралық қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады, содан кейін реакциялық өнімдерге өтеді. Энергетикалық тосқауылдың болуы кейбір реакциялардың неге баяу ал басқаларының жылдам жүріп жатқанын түсіндіреді. Энергетикалық кедергі неғұрлым жоғары болса, реакция баяуырақ болады. Топтық жұмыс. Химиялық реакция жылдамдығына температура мен концентарцияның әсерін бөлшектер теориясы мен активтену энергиясы тұрғысынан түсіндіру үшін оқушылар өз бетімен ізденіп, зерттейді және плакат арқылы сыныпқа таныстырылым жасайды. Өзара сұраққа жауап беру арқылы сыныпта талқылайды, бірін – бірі бағалайды. Постер немесе презентацияның мүмкін үлгілері | презентация https://www.youtube.com/watch?v=ChF_Wi_taDw Минипланшеттер, маркерлер презентация бағалау парағы Қосымша 1 Ноутбуктер http://www.youtube.com/watch?v=66AxPceP5QY https://www.youtube.com/watch?v=OttRV5ykP7A http://www.absorblearning.com/media/item.action?quick=10w | |||
37-40 мин Рефлексия | Рефлексия «Шығу билеті» Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді Маған сабақта қиын болды......................... Маған сабақта жеңіл болды........................ Маған әлі де көмек керек …........................ | Стикерлер | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?